
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сіз бүтін тілімдерді де, қиғашынан кесілген тілімдерді де қолдана аласыз.
Жұмыс процесі кезінде қыздырғыш элемент қажетті температураны сақтай
отырып, қайта-қайта қосылып және сөніп отырады. Бұл жайында қызу
индикаторы ескертіп отырады. 2-3 минуттан кейін құралды ашыңыз және
дайын тостерлерді алып шығыңыз.
Сэндвичтерді дайындау
Нан тілімдерін құралдың төменгі бөліктеріндегі қалыптарға салыңыз. Нанға
Сіздің талғамыңыз бойынша салындыны қосыңыз. Нан тілімдерін бүркеңіз
және құралды жабыңыз. 4-6 минуттан кейін құралды ашыңыз. Дайындалу
уақыты Сіздің сэндвичтерді қаншалықты қызартып алғыларыңыз келетін-
дігіне байланысты болады.
Тағамды қақтамада дайындау
Өнімдерді құралдың төменгі жағындағы қалыпқа салыңыз және құралды
шертпекке дейін жабыңыз. 8-10 минуттан кейін құралды ашыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дайындалу уақыты болжалды болып табылады және
рецепттің сапасы мен өнімдердің санына байланысты болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұтқаға күш салмаңыз, әйтпесе пісірілетін бұйым
пішінін жоғалтуы мүмкін. Дайындау уақыты аяқталғаннан кейін, құралды
ашыңыз және, ағаш немесе арнайы қызуға шыдамды пластик қалақты
қолдана отырып, екі жағынан қуырылғани вафлиді жұмыс бетінен алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс бетінің бүлінуін болдырмау үшін электр
құралынан вафелдерді, тосттарды, сэндвичтерді және тағамдарды шығару
кезінде өткір және металл заттарды қолданбаңыз.
7.2 Жұмыс аяқталғаннан кейін
7.2.1 Қолданғаннан кейін құралды желіден ажыратыңыз және оны таза-
лауға кіріспестен бұрын оның суынуын тосу керек болады.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Оны тазалаудың және жуудың алдында құралдың электр желісінен
ажыратылғанына және суығандығына көз жеткізіңіз.
8.2 Электр құралын тазалау үшін электр құралының бетін бүлдіруі мүмкін
тазартқыш құралды қолданбаңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек.
Добавить комментарий