
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз.
6.2 Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
6.3 Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
6.4 Корпусты және жұмыс бетін алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ
матамен сүртіңіз.
6.5 Қалыптарға май жағыңыз, құралды желіге қосыңыз. Құралды 5
минуттай қыздырыңыз. Электр құралын желіден ажыратыңыз, оны
суытыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші рет қолдану кезінде бөгде иіс пен түтіннің
пайда болуы құрал ақаулығының салдары болып табылмайды.
6.6 Май қалдықтарын майлықпен немесе жұмсақ шүберекпен кетіріңіз.
6.7 Электр құралы қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы жұмыс тәртібі
7.1.1 Электр құралын тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
7.1.2 Электр желісі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге
сәйкестігіне көз жеткізе отырып, электр құралын желіге қосыңыз. Желі
индикаторы жанады. Құралдың қызуын тосыңыз.
7.1.3 Қызу индикаторы жанғаннан кейін құрал жұмысқа дайын болады.
7.1.4 Төменгі жұмыс бетін аспаздық жаққышты қолдана отырып, май
жағыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды ашу кезінде тұтқасынан ұстаңыз және
күйіп қалуларды болдырмау үшін әрдайым тұтқыштарды қолданыңыз.
Вена вафлиін дайындау
Электр құралын тегіс орнықты бетке орнатыңыз және, қуат беруші желі
параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге сәйкестігін тексере
отырып, қуат беру баусымының істікшесін желіге қосыңыз. Желі
индикаторы жанады. Құралдың қызуын тосыңыз. Қызу индикаторы
жанғаннан кейін құрал жұмысқа дайын болады. Құрал- ды ашыңыз және
аспаздық жаққышты қолдана отырып, жұмыс бетіне май жағыңыз. Аздаған
мөлшердегі қамырды құралдың орталық бөлігіне салыңыз. Шамамен 3
минуттан кейін (уақыт шамалап көрсетілген және құрылғыдағы қамырдың
мөлшеріне байланысты болады) вафли дайын болады. Жұмыс процесі
кезінде қыздырғыш элемент қажетті температураны сақтай отырып,
қайта-қайта қосылып және сөніп отырады. Бұл жайында қызу индикаторы
ескертіп отырады.
Тостерлерді дайындау
Нан тілімдерін құралдың төменгі бөлігіне салыңыз және құралды жабыңыз.
Добавить комментарий