
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY GL2645 мультипісіргіші (ары қарай мәтін бойынша – мультипісіргіш,
электр құралы, бұйым) әр түрлі тағамдарды дайындауға арналған, көптеген
тұрмыстық құралдардың орнын ауыстыруға қабілетті заманауи көп атқа-
рымдық құрылғыны білдіреді. Мультипісіргіш газ немесе электрлі плита,
тұмпапеш, пеш, йогурт дайындағыш, буқазан, ыдыстарды зарарсыздан-
дыруға арналған құрал секілді құралдарды және басқаларды ауыстыруға
қабілетті. Мультипісіргіш пісіруге, қуыруға және қақтауға, бұқтырып пісіру-
ге, бұқтырып дәмдеуге, буда дайындауға, йогурт жасауға, сүт ботқаларын,
қытырлақ күрішті, балықтың, құстың және ет өнімдерінің барлық түрлерін
дайындауға, көжелерді, борщтарды және щиді дайындауға, тағамға ар-
налған ыдыстарды зарарсыздандыруға және көптеген басқа да әрекеттерге
қабілетті болады. Көлемі 5 л күйікке қарсы жабынмен алынбалы тостаған,
буда дайындауға арналған ыдыс, өлшегіш стақан және жиынтықтағы қасық
кез келген тағамды рецептке сай дайындауға мүмкіндік береді.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне сәйкес
болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №768
Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтар-
дың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың элек-
тромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18 қаза-
нындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың
ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында
қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 Кесте
Параметрдің атауы Мәні
Номиналды кернеу 220-240 В ~
Номиналды жиілік 50 Гц
Қуаты 900 Вт
Табақшалардың көлемі 5 л
Қуат беру баусымының ұзындығы 75 см
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Добавить комментарий