
8
A. Тоңазытқыш бөлігінің температурасын көрсету аймағы
B. Мұздатқыш температурасын көрсету аймағы
C. Жылдам салқындату режимінің индикаторы
D. Жылдам мұздату индикаторы
E. Демалыс функциясының көрсеткіші
F. Құлыптау көрсеткіші
3. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Құралды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны асты-
нан ұстаңыз және тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты
45°-тан артық еңкейтуге болмайды. Ешқашан оны төңкеріп
қоймаңыз. Құралды қырынан немесе шалқайтып қоймаңыз.
Егер ол қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп қойылған бол-
са, құралды тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде
есігін тіреу ретінде пайдаланбаңыз. Бұл құралды істен
шығаруы мүмкін. Тоңазытқыштың екі артқы табаны роликтер-
мен жабдықталған. Асүйде жылжыту және құралды орнына
дәл орнату үшін тоңазытқышты артқа қарай сәл қиғаштап,
жылжытыңыз. Тоңазытқыштың алдыңғы екі табанының биіктігін
реттеуге болады. Құралды дәл орналастыру үшін, алдыңғы та-
бандарын солға немесе оңға құрал еденде қозғалмайтындай
етіп бұраңыз. Салқындатқыш агенттің тасымалданғаннан
кейін дұрыс таралғанына сенімді болу үшін тоңазытқышты
тасымалдағаннан және орнатқаннан кейін, оны электр желісіне
қоспас бұрын үш сағаттай күтіңіз бұл тоңазытқыш дұрыс жұмыс
жасауы үшін қажет.
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын
қамтамасыз ету үшін қажет. Тоңазытқышты астынан ұстап
көтеру қажет. Есігінен немесе тұтқасынан тартпаңыз.
Өндірушінің кепілдігі қайта орнатылып қойылған кезде бүлінген
есікке берілмейді. Мұндай жағдайларға байланысты жөндеу
иесінің есебінен жүзеге асырылады.
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ІЛУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есіктерді ауыстырып ілу рәсімін орындау
үшін білікті маманға жүгіну ұсынылады.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін өз бетіңізбен қайта орнатуды
шешсеңіз, осы нұсқаулықтың төменде көрсетілген нұсқауларын
назарға алыңыз.
Қажетті құрал-саймандар: айқыш бұрағыш, жалпақ бұрағыш,
алтықырлы кілт.
–Тарату қорабының қақпағын шешіңіз.
–Жоғарғы ілмекті шешіп алыңыз. Дисплей шлейфін қуат көзінен
ажыратыңыз.
–Үстіңгі есікті ашып, оны мұқият жоғары көтеріңіз. Есік
ілмегінен шығып, тоңазытқыштан толығымен ағытылуы тиіс.
–Бұрағыштың көмегімен ортаңғы ілмекті шешіп алыңыз.
–Мұздатқыш камераның есігін шешіп алыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен тоңазытқыштың төменгі бөлігіндегі
ілмек бекіткішін шешіп алыңыз. Төмендегі суретте
көрсетілгендей ілмек бекіткішті төңкеріп, топсасын ауысты-
рып, оны қарама-қарсы жағына қойыңыз.
–Мұздатқыш камераның есігін төменгі ілмекке орнатыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен ортаңғы ілмекті төменгі ілмек жағына
орнатыңыз.
–Жоғарғы есікті ортаңғы ілмекке орнатыңыз. Дисплей шлейфін
қуат көзіне қосыңыз.
–Бұрағыштың көмегімен жоғарғы ілмекті қалғандары сияқты
қарсы жағына орнатыңыз.
–Ілмектің үстіне бітеуішті орнатыңыз.
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен кон-
денсаторы қызады, сондықтан құралды жеткілікті желдетуді
қамтамасыз ету қажет.
–Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-
жайда орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары
үй-жайларда, мысалы, жуынатын бөлмелерде, жертөлелерде
орнатуға тыйым салынады.
–Орнату кезінде ауа еркін айналып тұруы үшін құралдың екі
жағынан кем дегенде 3-5 см және үстінен 10 см саңылау
қалуын қамтамасыз етіңіз. Құралдың артындағы ауа айналы-
мын жауып тастамаңыз.
–Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
–Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұрындыруға
немесе жылу көздерінің (ас үй плиталары, духовкалар, ка-
миндер) қасына орнатуға болмайды.
ТЕГІСТЕУ
Тоңазытқыш тиімді жұмыс істеуі үшін оның еден бетіне тегіс
орналасуы маңызды. Тоңазытқышты тиісті орнына орнатқаннан
кейін, оның алдыңғы жағындағы қажетті қалпын рет-
теу тіректерін бұрап реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа қарай
көлбеулігі 5°-тан аспауы тиіс.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш электр тогынан қорғалу дәрежесі жөнінен 1-класқа
сәйкес келеді және жерге қосқыш түйіспесі бар екі полюсті
розетканың көмегімен электр желісіне қосылады.
Электр желісіне қосар алдында келесілерге көз жеткізіңіз:
–желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағында арнайы тақтада
көрсетілген деректерге сәйкес келетініне;
–электр розеткасының жерге қосқыш түйіспесі электр желісінің
қуат беру кабелінің жерге қосқыш сымымен жалғанғанына
(жалғағыш сым 10 A кем емес токқа есептелуі тиіс);
–розетка мен аша бір типті болуы тиіс; егер розетка ашаға
сәйкес келмесе, ашаға сәйкес келетін басқа қуат беру бауы-
мен ауыстыру керек (жұмыстарды білікті электрик орындауы
тиіс).
Тоңазытқыш розеткаға өтетін жолды бөгемей орнатылуы
тиіс. Осы нұсқаулықта баяндалған қуаты үлкен тұрмыстық
құралдардың қауіпсіздік талаптарын бұза отырып қосылған
тоңазытқыш қауіпті болуі мүмкін.
Орнатудың көрсетілген нормаларын бұзу салдарынан
денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиян үшін өндіруші жа-
уап бермейді.
5. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
5.1. ҚОСАРДАН БҰРЫН
Тоңазытқышты электр желісіне орнатылғаннан кейін
үш сағаттан соң қосу керек. Осылайша салқындатқыш
агент тасымалдағаннан кейін тиісті түрде таралады-бұл
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Тоңазытқышты электр желісіне қосқаннан кейін бірнеше сағат
өткен соң ғана оған өнімдерді қоюға болады.
Компрессор мен артқы қабырға арасындағы тасымалдауға
арналған кергіштерді, сондай-ақ құралдың жылжымалы
бөліктерін ығысудан қорғайтын басқа кергіштер мен желімді
таспаларды алып тастаңыз.
Добавить комментарий