Centek CT-1724

Данная инструкция на русском языке предназначена для холодильника Centek CT-1724, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для холодильника представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
7
байқасаңыз, қуат көзінен ажыратып, сервистік қызмет
өкілдеріне хабарласыңыз.
5. Қуат беру кабелін бүлінуден сақтаңыз.
6. Қуат беру кабелін ауыстыруға тыйым салынады.
7. Қуат беру кабелінің үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
8. Қуат беру кабелін жылу көздерінен аулақта ұстаңыз.
9. Құралды желіден ажыратқан кезде бауынан емес, ашасынан
ұстап суырыңыз.
10. Тоңазытқыш үй-жайдың ішінде пайдалану үшін әзірленген.
Тоңазытқышты ешбір жағдайда сыртта пайдаланбаңыз.
11. Тоңазытқыш осы нұсқаулыққа сәйкес тамақ өнімдерін
сақтау үшін үй жағдайында пайдаланылуы тиіс.
12. Балаларға құралды қараусыз пайдалануға рұқсат бермеңіз.
13. Тоңазытқыштың салмағы өте үлкен, тасымалдау үшін кемінде
екі адам қажет.
14. Тоңазытқышты дымқыл қолмен ұстамаңыз.
15. Тұтанбас үшін немесе құрал бүлінбес үшін ұзартқыштарды,
үштіктер мен жалғастырғыштарды пайдаланбаңыз. Өндіруші
жалғастырғыштар мен ұзартқыштарды, сондай-ақ қимасы
тұтынылатын қуатқа сәйкес келмейтін жалғағыш кабельдің
қолданылуына байланысты туындаған тұтану үшін жауапты
болмайды.
16. Тоңазытқышты орнату кезінде тоңазытқыштың артқы
жағындағы арнайы тақтайшада көрсетілген желі сипаттама-
лары мен электр параметрлерінің сәйкестігін тексеру қажет.
17. Ашаны розеткадан сымнан тартып суырмаңыз: бұл өте
қауіпті.
18. Құралды желілік ашаға жақын қоймаңыз.
19. Қуат беру бауы зақымдалған жағдайда, оны
авторизацияланған сервис орталығы ұсынатын баумен
немесе жиынтықпен ауыстыру керек. Кабельді ауыстыру-
ды тек білікті персонал жүргізуі тиіс. Құралды жарамды
қорғау құрылғысы (автоматты ажыратқыштар, балқитын
сақтандырғыштар және т.б.) бар электр желісіне қосыңыз.
20. Тоңазытқыштың ішкі салқындатқыш жақтауларын
ұстамаңыз.
21. Тазалау немесе қызмет көрсету үшін кез-келген операциялар-
ды орындамас бұрын тоңазытқышты желіден ажыратыңыз.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін термореттегіш
тұтқасын «ӨШІРУ» қалпына келтіру жеткіліксіз.
22. Тоңазытқыш конструкциясын өзгертуге және өндіруші кепілді
жөндеуге өкілеттік бермеген тұлғалардың араласуына тый-
ым салынады.
23. Егер өндіруші мұны ұсынбаған болса, тамақ өнімдерін
сақтауға арналған бөлім ішінде электр құралдарын
пайдаланбаңыз.
24. Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдарды немесе
сұйықтықтарды сақтамаңыз.
25. Мұздатқыш камерада шыны шөлмектер мен ішіне сұйықтық
құйылған құтыларды сақтамаңыз.
26. Егер сіз құралды пайдалану үшін басқа тұлғаға тапсырғыңыз
келсе, оны осы нұсқаулықпен бірге жіберіңіз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
Электр қуатын берудің бір тізбегіне тым көп құралдар
жалғамаңыз, өйткені тұтануы мүмкін.
Егер сіз құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
оның желілік ашасын розеткадан ажыратып қойыңыз.
Төмен температуралы бөлімдердің ішкі қабырғаларын немесе
онда жатқан өнімдерді дымқыл қолмен ұстамаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тоңазытқышта салқындату салқындатқыш агенттің
көмегімен қамтамасыз етіледі, ол тоңазытқышқа арнайы
жабдықпен құйылады. Тоңазытқыштың артқы жақтауындағы
салқындатқыш агенттің циркуляциялық тұрбаларын
зақымдамаңыз.
Бұл бұйымда аз мөлшердегі табиғи газ - изобутаннан тұратын
салқындатқыш агент бар, ол қоршаған орта үшін зиянды емес,
алайда тұтанғыш болып табылады. Тоңазытқышты тасымал-
дау және орнату кезінде салқындатқыш агенттің айналу
контурының қандай да бір бөлігін зақымдап алмау үшін, абай
болу қажет.
Тұрбадан шыққан салқындатқыш агент тұтануы немесе
денсаулығыңызға нұқсан келтіруі мүмкін. Егер салқындатқыш
агент контуры бүлінген болса, кезкелген түрдегі ашық от не-
месе ықтимал тұтану көздеріне сақ болыңыз, сонымен бірге
тоңазытқыш тұрған бөлмені бірнеше минуттай желдетіп
алыңыз.
Салқындатқыш агент төгілген жағдайда газ бен ауаның
жарылыс қаупі бар қоспасы түзілмес үшін, тоңазытқыш
тұрған бөлменің өлшемдері тоңазытқышта пайдаланылатын
салқындатқыш агенттің мөлшеріне сәйкес келуі қажет.
Бөлме көлемі тоңазытқыштағы R600a салқындатқыш агентінің
әр 8 грамына 1 м3 құрауы тиіс. Сіздің тоңазытқышыңыздағы
салқындатқыш агенттің мөлшері тоңазытқыштың артқы
жақтауындағы паспорттық деректері бар тақтайшада
көрсетілген.
Бүліну белгілері байқалған құралды ешқашан қоспаңыз. Егер
құралдың жарамдылығына күмәніңіз туындаса, сервистік
қызметке жүгініңіз.
2. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Тоңазытқыш - 1 д.
Шыныдан жасалған сөре - 2 д.
Тоңазытқыш камерасының контейнерлеріне арналған
қақпақ - 2 д.
Мұздатқышқа арналған контейнер - 2 д.
Мұздатқыш тартпасы - 1 д.
Тоңазытқышқа арналған контейнер - 3 д.
Есік сөресі - 4 д.
Жұмыртқа науасы - 2 д.
Мұзды қалып - 1 д.
Есік бекіткіші – 2 д.
Пайдалану нұсқаулары - 1 д.
АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Жарықдиодты шам
2. Тоңазытқыш сөресі
3. Жемістер мен көкөністерге арналған контейнер
4. Ет пен балыққа арналған ыдыс
5. Мұздатқыш тартпасы
6. Мұздатқыш контейнер
7. Реттелетін аяқтар
8. Есік сөрелер
КӨРСЕТУ
1. Тоңазытқыштың температурасын орнату түймесі /
Жылдам салқындату режимінің түймесі
2. Мұздатқыш температурасын орнату түймесі /
Жылдам мұздату режимінің түймесі
3. Демалыс функциясының түймесі / Құлыптау түймесі
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Холодильники Centek