Bosch Universal Saw 18V-100

Данная инструкция на русском языке предназначена для лобзика Bosch Universal Saw 18V-100, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для лобзика представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
160 | Қазақ
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау
uТек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
uЭлектр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды (4) шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін (5) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан жоғарыға қарай шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятордың зарядталу күйінің индикаторы (3)
электр құралы қосулы болғанда аккумулятор зарядталу
күйін көрсетіп, 3 жасыл жарық диодты қамтиды.
Жарық диодтары Қуаты
Үздіксіз жарық 3× жасыл 66–100%
Үздіксіз жарық 2× жасыл 33–66%
Үздіксіз жарық 1× жасыл 11–33%
Баяу жыпылықтау 1× жасыл 0–10%
Аккумулятор температурасы пайдалану
температурасының −20…+50°C ден дейінгі
аралығынан тыс және/немесе артық жүктеу қорғанысы
жұмыс істеп қалса аккумулятор зарядталғанын көрсету
индикаторының (3) 3жарықтық диоды жылдам
жыпылықтайды.
Ара полотносын салу/алмастыру
uАлмалы-салмалы аспапты орнату немесе
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір
тұтқалы (T-тұтқалы) немесе 1/4" әмбебап тұтқалы (U-
тұтқалы) ара полотноларын салыңыз. Ара полотносы
қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын
пайдаланыңыз.
Ара полотносын орнату (A суретін қараңыз)
uОрнатудан алдын ара полотносы тұтқасын
тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
емес.
Қажет болса, қаптаманы (9) алып тастаңыз.
Ара полотносының бекіткішін (15) бағыттама бағытында
жоғарыға жылжытыңыз. Ара полотносын (11) тістерімен
кесік бағытында ара полотносы бекіткішіне тірелгенше
жылжытыңыз.
Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы
бағыттауыш дөңгелектің (13) ойығында жатуына көз
жеткізіңіз.
uАра полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносын шешу (B суретін қараңыз)
Ара полотносының бекіткішін (15) бағыттама бағытында
жоғарыға жылжытып ара полотносың (11) шығарыңыз.
Ара төсемін сақтау орны (керек-жарақ)
(Cсуретінқараңыз)
Ара полотносы сақтағышында (18) ұзындығы 110мм-ге
дейінгі алты ара полотносына дейін сақтауға болады. Бір
тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқалы) ара полотнолары
сақтағышының арнайы саңылауына салыңыз. Үш
полотноға дейін бір бірінің үстіне салуға болады.
1 609 92A 851 | (20.07.2022) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 29
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Лобзики Bosch