
78 | Қазақ
Резеңке тегістеу тәрелкесі
uРезеңке тегістеу тәрелкесімен (13) жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (12)киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Домалақ гайканы (15) орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі
бар гайка кілтімен бекемдеңіз.
Тостаған тәрізді қылшық/дискілік қылшық
uТостсаған тәрізді қылшықпен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (12) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
айналымдар саны [мин-1] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
макс. [мм] [мм]
D b d [мин-1] [м/с]
115
125
6
6
22,2
22,2
12000
12000
80
80
115
125
–
–
–
–
12000
12000
80
80
75 30 M 14 12000 45
Редукторлық бастиекті бұрау
Тек өнім нөмірі 3603CA20.. болған электр
құралдарында:
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Редукторлық бастиекті 180°-қа бұрауға болады.
Осылайша ажыратқышты арнайы жұмыс жағдайларына,
мысалы, солақайлар үшін оңтайлы басқару күйіне
келтіруге болады.
– Құлыптан босату иінтірегінің (1) сақтандырғышындағы
(20) бұранданы алып тастаңыз (A суретін қараңыз).
– 4 бұранданы толығымен бұрап босатыңыз (В суретін
қараңыз). Редукторлық бастиекті корпустан шығармай
жаңа күйге баяу бұраңыз. 4 бұранданы берік бекітіңіз.
– Құлыптан босату иінтірегінің (1) сақтандырғышын
(20) редукторлық бастиекке қайтадан бұрап бекітіңіз
(C суретін қараңыз).
"Қорғаныс құрылғыларын монтаждау" бөліміндегі
нұсқауларды қараңыз. Қорғаныш қаптама құлыптан
босату иінтірегін (1) пайдаланғанда ғана бұрылуы керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу
тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен
жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса,
қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы
әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3)
алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (3) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (3)
төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (3)
жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (3)
қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.
uПайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
1 609 92A 692 | (08.04.2021) Bosch Power Tools
Добавить комментарий