
Қазақ | 77
Жинау
Қорғаныш аспапты орнату
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (6)
электр құралының
патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше салыңыз.
Бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1) басып
ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы (6)
басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың
фланеціне отырғызыңыз
және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (6) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (6) қажет күйге бұрыңыз.
uҚорғаныш қаптаманы (6) әрдайым, құлыптан
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (6) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
uҚорғағыш қаптаманы (6)оператордың жағына
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
uҚорғағыш қаптама(6) бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(6) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
uБайланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (10).
uТасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (10) сонымен бірге тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары (17) бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
uЭлектр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
пайдаланыңыз (4).
Қосымша тұтқаны (4) редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
uРезеңкелі ажарлау тәрелкесімен (13) немесе
тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (12) кийіңіз.
Қол қорғағышын (12) қосымша тұтқа (4) көмегімен
бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uТегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (5) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (2) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
uШпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Ажарлағыш/кескіш диск
Ажарлау құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау
диаметрі тірек фланеціне сәйкес келуі керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты
кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр
құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын
қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы
(9) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап
бекітіңіз.
uТегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы
қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге
үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
uЖелпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар
үшін әрқашан қол қорғағышын(12) кийіңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 692 | (08.04.2021)
Добавить комментарий