
Қазақ | 53
басқаруға арналған. "CutControl" терезесінде (9)
тікбұрышты кесік және 45° кесік үшін белгі бар.
0° кесу белгісі (25) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (24) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (2) басып кейін қосқыш/өшіргішті (1) басып
ұстап тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (1)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Нұсқау: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз
жұмыс істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің
сыналануын болдырмау және электр құралдың кері
соққысын болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Параллельді тіреуішпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (10) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қатпарлы бұрандаманы (8) босатып параллельді тірек
(10) шкаласын тіреу тақтасының (13) бағыттауышында
жылжытыңыз. Керекті кесу енін тиісті (25) немесе (24)
кесу белгісінде шкалалық мән ретінде орнатыңыз,
"Аралау бұрышының белгілері" тарауын қараңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (8) қайтадан берік бекітіңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 67J | (22.03.2021)
Добавить комментарий