
Қазақ | 103
Электр құралдарын пайдалану және күту
uҚұралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр
құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті
жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз.
uАжыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз.
Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны
жөндеу қажет болады.
uЖабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр
құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен
ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы
болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
uПайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін
жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді
оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
uЭлектр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз.
Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған
болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым
оқиғаларға себеп болып жатады.
uКескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс
күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп,
кесілетін бетке оңай бағытталады.
uЭлектр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды
және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс
шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
uҚолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен
ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері
күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол
бермейді.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8GH | (07.12.2022)
Добавить комментарий