
Қазақ | 63
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (EasyImpact 540)
(J суретін қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын(28) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Бұрғылау патронының кілтін(27) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының(28) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрауыш құралдар
Бұрауыш биттерді(25) пайдаланғанда әрдайым әмбебап
бит ұстағышын(24) пайдалану керек. Тек бұранданың
бастиегі үшін жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз.
Бұрау үшін "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-
қосқышын(4) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бұрғылау шпинделінің бекіткіші жоқ электр
құралдарында бұрғылау патронын өкілетті Bosch электр
құралдарының сервистік орталығында ауыстыру қажет.
Бұрғылау патронын шамамен 30–35Нм
тарту моментімен бұрап бекіту қажет.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Бұрау бағытын реттеу (K суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (5) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (5) оңға тірелгенше
басыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау"
белгісіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін
(6) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса,
ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (7) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЭлектр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Шаң жинағыш құрылғыны алып тастау (L – M
суреттерін қараңыз)
Шаң жинағыш құрылғыны мына жағдайларда (13) алып
тастаған жөн:
– Drill Assistant (10) құралының шинасын тереңдік
шектегіші ретінде пайдалану үшін
– үлкен алмалы-салмалы аспаптар пайдаланылған
жағдайда (мысалы, саңылаулы ара немесе шиыршық
бұрғы).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Bosch Power Tools 1 609 92A 5V2 | (14.07.2020)
Добавить комментарий