
Қазақ | 61
EasyImpact
5500 EasyImpact
570 EasyImpact
5700 EasyImpact
6000
Бұрау:
ah
K
м/с2
м/с2
< 2,5
1,5
< 2,5
1,5
< 2,5
1,5
< 2,5
1,5
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа (A суретін қараңыз)
uЭлектр құралын тек қосымша тұтқамен (20) бірге
қолданыңыз.
uКез келген жұмыстарды орындау алдында
қатпарлы бұранданың (21)/(18) тартылғанына көз
жеткізіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу
нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
Қатпарлы бұранданы (21)/(18) сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (9) қажетті күйде
бұрғылау патроны арқылы электр құралының шпиндель
мойнына апарыңыз.
Қосымша тұтқаны(20) қауіпсіз және шаршатпайтын
жұмыс күйіне қол жеткізу үшін қайыруға болады.
Қосымша тұтқаны(20) қажетті күйге қайырып, қатпарлы
бұранданы(21)/(18) сағат тілінің бағытымен қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен(23)қажетті бұрғылау тереңдігін
X реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (22) басып, тереңдік
шектегішін қосымша тұтқаға (9) енгізіңіз.
Тереңдік шектегішінің (23) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігінеX тең
болғанша тартыңыз.
Drill Assistant
Drill Assistant құралын орнату (C – D суреттерін
қараңыз)
Drill Assistant (10) құралын шаң жинағыш құрылғымен
(13) бірге немесе онсыз пайдалануға болады. Шаң
жинағыш құрылғыны (13) пайдалану аясы диаметрі
12мм және ұзындығы 120мм болатын бұрғыға
шектелген.
Шаң жинағыш құрылғыны (13) бекіткішке (26) енгізіңіз.
Құлыптан босату түймесін (8) басып, Drill Assistant (10)
құралын тұрақ күйінен босатыңыз.
Drill Assistant (10) құралын бұрғылау патроны арқылы
өткізіп, электр құралының шпиндель мойнына
орнатыңыз.
Бұғаттау үшін қатпарлы бұранданы (18) сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (E – F суреттерін қараңыз)
Бұрғыны орнатыңыз ("Құралды алмастыру" бөлімін
қараңыз).
Реттегіш сақинамен (17) қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Реттегіш сақинаны (17) босату үшін солға бұраңыз.
Шаң жинағыш контейнерді (11) немесе бекіткішті (26)
қабырғаға немесе дайындамаға теңдестіріп орнатыңыз.
Бұрғы ұшын қабырғаға немесе дайындамаға апарыңыз.
Реттегіш сақинаны (17) арақашықтық қажетті бұрғылау
тереңдігіне X сәйкес келгенше артқа қарай жылжытыңыз
немесе дюбельді шинаға қойып, реттегіш сақинаны (17)
артқа қарай дюбельге жылжытыңыз. Реттегіш сақинаны
(17) бұғаттау үшін оңға бұраңыз. Дюбельді шинадан
шығарып алыңыз. Бұрғылау тереңдігі енді шинада
реттелген ұзындыққа X сәйкес келеді.
Нұсқау: дюбельдерді пайдаланған кезде, бұрғылау
тереңдігінің дәл болуы маңызды. Егер бұрғыланған
саңылау тым терең болса, дюбель қабырға немесе
дайындама ішіне тым қатты сырғып кіреді. Егер саңылау
тым кіші болса, дюбель сыртқа шығып тұрады.
Шаң жинағыш контейнерді босату (G суретін
қараңыз)
Шаң жинағыш контейнердің (11) сыйымдылығы 6 мм
бұрғы диаметрімен 30 мм бұрғылау тереңдігінде кіріп
Bosch Power Tools 1 609 92A 5V2 | (14.07.2020)
Добавить комментарий