
116 | Қазақ
uТек қана осы электр бұйыммен қолдану үшін
ұсынылған және рұқсат етілген Bosch компаниясының
түпнұсқалық бөлшектерін қолданыңыз.
uЭлектр бұйымын (немесе басқа құралдарды) ұзақ
уақыт бойы қолданғанда қолданушы дірілдер әсеріне
түсіп, осы дірілдер Рейно ауруына (Рейно феномені)
немесе білек каналының синдромының пайда болуына
апара алады.
uБұл жағдайларда жанасу түйсіктері мен температура
реттелуі шектелініп, ұйып қалу мен қызып кету сезімі,
тіпті жүйкенің және қан таралуының бұзылуы мен ұлпа
некрозы пайда бола алады.
uДірілдеудің шамадан тыс әсер етуін білдіретін
симптомдады белгілесеңіз дәрігеріңізге барып кеңес
алуыңыз қажет. Бұл симптомдар ішіне ұйып және
сілейіп қалу сезімі, сезімдіктің жоғалуы, қышып
дуылдау, шаншып ауыру, қақсап ауыру, әлсіздік, тері
түсінің немесе тері қалпысының өзгерілуі кіреді. Осы
симптомдар жиірек бармақтар, қолдар немесе қол
буындарында пайда болады.
uЭлектр бұйымды әрқашан тек қана лайықты
қондырғысымен қолданыңыз. Электр бұйымды
әрқашан алдыңғы және артқы тұтқаларынан
ұстауыңызға назар аударып жүріп, керек болса жұмыс
уақытын қысқартыңыз.
uЭлектр бұйымның пышағы кенет түрде қатты бір заттқа
тиіп қалғанында немесе бұталар, түптер не тал-
шіліктерді кесіп жатқан уақытта электр бұйымда кері
соққы пайда бола алуын ескеріп жүріңіз. Кері
соққылардың әсерін азайтуға тырысыңыз.
uБұл электр бұйым иін белдіктерімен қолданылу үшін
құрастырылып шығарылған. Белдікті – электр
бұйымын дұрыс түрде теңгеріліп орнатылғанша дейін
– реттеп алу арқылы электр бұйымымен жұмыс
істеудің жеңілірек болуы қамтамасыз етіледі.
uТасымалдау және сақтау уақытында бұйым қалағын
әрқашан арнайы қорғау жапқышымен жауып қоюыңыз
лазым.
uЭлектр тоқ жүйесіне қосу кабелін бұйымның кесу
аспабынан ұзақта сақтаңыз.
Құрал күтімі
uӨткір пышақтар аймағында әрекет етіп немесе
жұмыс істеп жүргеніңізде әрқашан арнайы бақ
қолғаптарын киіп жүріңіз.
uБақ электр бұйымымен қауіпсіз түрде жұмыс істеуін
қамтамасыз ете алу үшін сомдар, бұрандамалар мен
бұрандаларының барлығы тұрақты түрде бекітілгенің
тексеріп алыңыз.
uБақ электр бұйымын тексеріп, тозып немесе бұзылып
кеткен бөлшектерін қауіпсіздік себептерінен
ауыстырыңыз.
uАуыстырылатын бөлшектері Бош фирмасының
бұйымдары болғанына назар аударыңыз.
uБақ электр бұйымын тек қана Bosch компаниясының
арнайы техникалық қызмет көрсету орталығының
мамандары арқылы жөндетіңіз.
uСақтауға қою алдынан алдымен бақ электр бұйымның
таза және қалдықтарсыз қалыпта болғанын тексеріп
алыңыз. Керек болса, жұмсақ құрғақ қылшақпен
тазалаңыз.
uКесу бастиегі мен қорғаныш жабыны арасындағы
шөгінді қалдықтарды алып тастаңыз. Электр бұйымды
ықшамды түрде сақтау үшін оны сояуышынан бөліп
қоюға болады.
Электр қауіпсіздігі
Ескерту! Жөндеу немесе тазалау
жұмыстарын өткізу алдында алдымен
бақ электрбұйымын өшіріп, электр тоқ
айырын розеткадан шығарып алыңыз.
Электр тоққа қосу кабелінің зақымданып, кесіліп
немесе оралып қалғанында да жоғарыдағыдай
әрекеттеніңіз.
Электр құралыңыз қауіпсіздік үшін оқшауландырылып,
жерге тұйықталуыда қажет етпейді. Жұмыс кернеуі –
230В ауыспалы тоғы, 50Гц (Еуропа Одағына кірмейтін
елдер үшін 220В немесе 240В). Тек қана рұқсат етілген
ұзарту кабелдерін қолданыңыз. Мәліметтер мен
ақпараттарды тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету
үшін рұқсаты бар арнайы орталықтарыңыздан алуыңызға
болады.
Қауіпсіздікті арттыру үшін, бүліну тоғының ең жоғары
деңгейі 30мА болған FI қосқышын (RCD) қолданыңыз.
Осы FI қосқышын әр қолдану алдынан тексеріп алу қажет.
Желі немесе ұзарту кабелдерін жылжымалы
бөлшектерден ұзақ ұстап, кернеу өткізу бөлшектеріне
тиіп қалуын болдырмау үшін кабелдердің бұзылып
қалуына жол бермеңіз.
Кабелмен біріктірілетін бөлшектері (штепсель айыры мен
электр розеткалары) құрғақ түрде болып, жерде
жатпаулары тиіс.
Желі кабельдері мен ұзарту кабелдерін әрдайым оларда
бұзылып қалуын білдіретін белгілерінің жоқ болуына көз
жеткізу үшін тексеріп, оларды тек қана ақаусыз қалыпта
болғанда қолдануыңыз лазым.
Электр бұйымның желі кабелі зақымданып бұзылған
қалыпта болғанда, оны тек қана Bosch компаниясының
арнайы рұқсаты бар жөндеу шеберханасы мамандары
арқылы жөндетуіңіз лазым. Тек рұқсат етілген ұзартқыш
кабельдерін пайдаланыңыз.
Тек қана “EN 61242/IEC 61242” немесе “IEC 60884-2-7”
нормаларына сай келетін және H05VVV-F ннемесе
H05RN-F типтік кабельдерді, ұзарту кабельдерін,
құбырларын және кабельдік барабандарын қолданыңыз.
Электр бұйымымен жұмыс істеу барысында ұзарту
кабелін қолданғыңыз келсе, ол үшін сымдардың
төмендегідей көлденең қима мөлшерлері талап етіледі:
– сымның көлденең қимасы: 1,25мм2 немесе 1,5мм2
F 016 L94 421 | (03.05.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий