
Қазақ | 115
Қолдану
uБақ электр бұйымын құрастыру уақытында
нұсқаулықтағы суреттерге назар аударыңыз, құрал
демонтажы кері ретпен өткізіледі.
uҚұралды қолдану алдынан алдымен пышақ
қорғағышын алып тастаңыз.
uБақ электр бұйымын қабырғаларды не дуалдарды кесу
үшін қолданбаңыз.
uЖанында басқа адамдар, әсіресе балалар, немесе
жануарлар болған жағдайларда бақ электр бұйымын
қолданбаңыз.
uЭлектр бұйым иесі немесе қолданушысы басқа
адамдардың денсаулығына немесе осылардың
мүлігіне түскен зақымдар немесе пайда болатын
апаттар үшін жауапты болады.
uМықты матадан жасалған ұзын шалбар, тұрақты аяқ
киім және қолғапшаларды киіп жүріңіз. Кең киім,
әшекейлер, қысқа шалбар, сандал аяқ-киіммен немесе
жалаңаяқ түрде жұмыс істемеңіз. Құралдың
жылжымалы бөлшектеріне шаштардың шырмалап
түсіп қауын болдырмау үшін шашыңызды иықтан
биігірек буып байлаңыз.
uШөп шабылатын жерді мұқият тексеріп алып, осы
жерде бар болған тас, таяқ, сым, сүйек және басқа
заттарын алдын ала жинап шығарып алыңыз.
uЭлектр бұйымды желі кабелі өтетін жерлерде
қолданбаңыз.
uҚолдану алдынан әрқашан алдымен кесу қалағының
немесе кесу қалағының сомыны тозып кеткен немесе
зақымданып бұзылған қалыпта болмағанын тексеріп
алыңыз. Теңгерімнің бұзылуына жол бермеу үшін
тозып кеткен немесе зақымданып бұзылған кесу
қалақтарын әрқашан толық жиынтығымен
ауыстыруыңыз қажет.
uТек қана күн жарығы бар болғанда немесе жасанды
жарықтың жеткілікті болғанында ғана жұмыс істеңіз.
uАуа райы нашар болғанда, әсіресе боран мен найзағай
басталғалы жатқанда электр құралымен жұмыс
істемеңіз.
uШөп/бұталар ылғалды қалыпта болған жағдайларда
электр бұйымын аса мұқият түрде қолданыңыз.
uЭлектр бұйымымен жұмыс істеу барысында тұрақты
түрде тұруыңызға назар аударыа жүріңіз; тек қана
жүріңіз, ешқашан жүгірмеңіз.
uТұрақты түрде тұрып, әрқашан тепе-теңді түрде
әрекеттеніңіз. Аса қатты күш салып әрекеттенбеңіз.
uБақ электр бұйымын қолданғаныңызда қорғау
көзәйнектері мен қорғау құлақшаларын киіп
жүріңіз.
uҚорғаныш жабыны, кері соққыдан қорғау құралдары
немесе жапқыштары толық емес немесе зақымданып
бұзылған түрде болған электр бұйымын ешқашан
қолданбаңыз.
uКесу қалағы бар бақ электр бұйымын ешқашан электр
желі кабелдері/ұзарту кабелдерінің тікелей жанында
қолданбаңыз.
uӘр қолдану алдынан және қолданғаннан кейін бақ
электр бұйымда тозу немесе бұзылған жерлерінің
пайда болған болмағанын тексеріп жүруіңіз лазым.
uҚате немесе ақаулық пайда болғанда “Қателер мен
ақаулықтарды белгілеу” тарауына сай әрекет етіңіз.
uЖазатайым апат пайда болғанда, басқа шараларды
қолдану алдынан, электр бұйымды дереу электр
желісінен ажыратып алыңыз.
uӨзіңіз шаршаған қалыпта болғаныңызда немесе
ауырып жүргеніңізде, немесе алкоголь, есірткі не
дәрі-дәрмектер әсері астында болғаныңызда бұл
құралды қолданбаңыз.
uЭлектр бұйымды баурайларда қолдану өте қауіпті
болуы мүмкін:
− Аса құламалы еңістерінде жұмыс істемеңіз.
− Қиғаш жерлерде немесе сулы және ылғал шөп
үстінде әрқашан тұрақты қауіпсіз түрде жүре
алуыңызға назар аударыңыз.
− Қиғаш жерлерде әрқашан көлденең бағытпен жұмыс
істеңіз, ешқашан жоғарыға және төменге қарай әрекет
етпеңіз.
− Құламалы еңістерде бағыт өзгертуіңізде аса баяу
және мұқият әрекет етіңіз.
uАйналып тұратын кесу элементтерінің жанына
қолыңызбен және аяғыңызбен жақын келмеңіз.
uЖұмыс істеу жеріне апарылатын немесе жұмыс
орнынан әкеленетін уақытта электр бұйымын
толығымен өшіріп қойыңыз.
uЭлектр бұйымын төмендегі жағдайларда өшіріп,
айырын электр розеткадан шығарыңыз:
− электр бұйымды біраз уақыт бойы бақылаусыз
қалдырғаныңызда - әрқашан
− бұғаттауларды жою алдынан
− кабель шырмаланып қалғанда
− кесу құрылғысын ауыстыру алдында
− электр бұйымды тексеру, тазалау немесе жөндеу
бойынша жұмыстарын өткізгеніңізде
− бөгде бір затпен соғылып қалғанда; бұл жағдайда
дереу электр бұйымда зақымданып қалған жерлерінің
бар не жоқ болуын тексеріп алып, керек болса
пышағын ауыстырыңыз
− электр бұйым қалыптан тыс түрде дірілдей бастаса
(дереу тексеріңіз)
uАйналмалы кесу элементтерін қолмен ұстау алдынан
олардың толығымен тоқталып тұруына дейін күтіңіз.
Пышақ элементі, қозғалтқыш өшірілгеннен кейін
әріғарай айнала бере тұрып, жаралануға апара алады.
uБұйымды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарын
өзбасыңызбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту
жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін
зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп
күшейтілуіне апара алады.
uЭлектр бұйымын құрғақ, жабылып қойылған және
балалардың қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз. Бақ
электр бұйымы үстінен ешбір басқа заттарды
қоймаңыз.
Bosch Power Tools F 016 L94 421 | (03.05.2022)
Добавить комментарий