
31
ҚАЗАҚША
• Машинаны жиілігі 50 Гц айнымалы ток және атаулы кернеуі 220 В болатын электр
желісіне қосу керек (машина 220 В бастап 240 В дейінгі желіде қалыпты жұмыс істей
алады). Көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтін желіге машинаны қосу оның істен
шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.
• Машинаны электр желісіне жерге тұйықтау сымы бар «I» класындағы бөлек розетка
арқылы қосу қажет.
• Электр қуатының кабелі кем дегенде 16А жұмыс тогына есептелуі және кем дегенде 1,5
мм2 қимасына ие болуы керек.
• Электр қуаттың фазалық сымы 16 А іске қосу тогына есептелген, 0,1 с көп емес іске
қосылу уақыты және 30 мА көп емес айыру тогы бар автоматты қорғаныс құрылғы арқылы
қосылуы тиіс.
• Егер розетка және электр қуатының кабелі көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе немесе
розетка машинаны орнату орнынан алшақ болса, электр желісін жөнге келтіру үшін білікті
маманға жүгіну қажет.
Электр
желісіне
қосылу
Ағызу құбыршегі тікелей кәріз құбырына немесе шұңғылшаның не жуғыштың сифонына
қосылуы мүмкін. Бұл ретте ағызу құбыршегінің кірмесі еденнен 60-тан 100 см дейінгі
биіктікте болуы тиіс.
Су құбырына
қосылу
Кәріз
жүйесіне
қосу
• Құю және ағызу құбыршектері қосқаннан кейін қысылмауы немесе майыспауы
тиіс.
• Құбыршектерді қосқаннан кейін қосылыстардың саңылаусыздығына көз жеткізу
қажет. Қосылыстардың орындары құрғақ болуы тиіс.
• Машинаны 3/4’’ бұрандасы бар суды беру шүмегі арқылы салқын сумен жабдықтау
желісіне ғана қосу қажет.
• Қосудың алдында лас суды ағызу үшін суды беру шүмегін ашу ұсынылады.
• Машинаны сумен жабдықтау желісіне қосу үшін құю құбыршегін суды беру шүмегіне және
сомындарды берік тартып, машинаның құю клапанына жалғау қажет.
• Кір жуған кезде суды беру шүмегі толығымен ашық болуы тиіс.
Құю клапаны
60-100 см
Кәріз жүйесінің ағызу тесігі
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Добавить комментарий