
30
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
• Машинаның картон қорабын алыңыз және қаптау материалдарын
алып тастаңыз (қорғаныс тыс, пенопласт амортизаторлары, ағызу
құбыршегі мен қуат баусымындағы бекіткіш таспалар);
• Машинаның барабанынан құю құбыршегін алыңыз;
• Машинаны көтеріңіз немесе еңкейтіңіз, содан кейін пенопласт
түбін алып тастаңыз. Үшбұрышты пішінді түбінің шығыңқы элементі
онымен бірге ажырағанына көз жеткізіңіз (суретті қараңыз). Керісінше
жағдайда машинаны бүйір жағына жатқызып, түбінің көрсетілген
элементін қолмен алып тастаңыз.
Науасын, есігін немесе барабанның тығыздауышын ұстап машинаны жылжытпаңыз!
Қаптаманы
ашу
Қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін машинаның багы
машинаның артқы жағында орналасқан төлкелері бар төрт
тасымалдау бұрандамаларымен бекітілген (суретті қараңыз).
Машинаны қолданудың алдында:
• Сомын кілтімен тасымалдау бұрандамаларын бұрап алу;
• Төлкелері бар тасымалдау бұрандамаларын алып шығару;
• Жеткізу жиынтығына кіретін бітеуіштермен саңылауларды жабу
қажет.
Тасымалдау бекітпесін болашақта машинаны тасымалдау
кезінде орнату үшін сақтау қажет.
Тасымалдау
бекітпесін
алып тастау
Ескертпе
Балаларға қаптама материалдарымен ойнауға рұқсат бермеңіз!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Машинаны берік, тегіс және құрғақ беткі қабатқа қабырғалардан,
жиһаздан және басқа заттардан кем дегенде 20 мм қашықтықта
орнату қажет.
Машинаны кілемді немесе жұмсақ жабыны бар еденге орнату
ұсынылмайды. Бұл жеткіліксіз желдетуге және машина жұмыс
істеген кезде дірілдеудің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Орнатқаннан кейін машинаны көлденең келесі түрде қою қажет:
• сомын кілтімен реттегіш тіректердегі кідіртпесомындарды босатыңыз;
• оларды бұрау немесе бұрап алу арқылы тіректердің биіктігін реттеу;
• сомын кілтімен кідіртпесомындарды қысыңыз.
Машинаны
орнату
Машинаны дұрыс емес орнату немесе кідіртпесомындарды жеткіліксіз тарту
машинаның жұмысы кезінде қатты дірілге және шуылға әкелуі мүмкін.
Кідіртпесомын
Тірек
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде Шу мен діріл деңгейін азайту үшін жабдықтауға
кіретін өздігінен жабысатын төсемдерді орнатуға болады (тек WM-MX712/15, WM-
MX814/15, WMD-MX814/15, WM-MX1014/15 модельдері үшін).
1. Құрылғыны зақымданудан қорғау үшін еденге жұмсақ материал қойыңыз. Кір жуғыш
машинаны артқы қабырғаға ақырын қойыңыз.
2. Кір жуғыш машинаның төменгі жағында көлденеңінен екі ұзын төсемді, сәйкесінше
контур бойымен екі қысқа төсемді тігінен жабыстырыңыз. Кір жуғыш машинаны жұмыс
орнына ақырын орнатыңыз.
Шуды
басатын
төсемдер
Добавить комментарий