
34
ҚАЗАҚША
1
54
2
3
1 - ысырмасының тақтайшасы;
2 - апаттық ашу ілмегі;
3 - ысырманың бекіткіші;
4 - жаймасөренің корпусы;
5 - жаймасөренің есігі.
• Электронды құлыппен жабдықталған жаймасөрелердің
жиынтықталымына қосымша кіреді: құлып (жаймасөреге
орнатылған), салпыншақ, салпыншақ ұстағышы, апаттық ашу
ілмегі.
• Электрондық құлпы бар жаймасөрені пайдаланудың
алдында келесіні орындау қажет:
1. «1» ысырманың бекіткішін бұрағышпен «жұмыс» қалпына
(көрсеткісін төмен қаратып) бұрып, «3» ысырма тақтайшасын
бұғаттан босату керек.
2. Салпыншақпен құлыптың жұмысын тексеру керек: «1»
ысырма тақтайшасының жоғары-төмен қозғалуы.
3. Қажет болса ысырманы бұғаттауға болады, бұл үшін «1»
ысырманың бекіткішін бұрағышпен «бұғатталды» (көрсеткісін
жоғары қаратып) бұру керек. Бұл қалыпта құлып электр
қуаты болмаған кезде есікті ашуға кедергі жасамайды жəне
жаймасөрені тасымалдаған кезде зақымдалмайды.
4. Құлыпты апаттық ашу үшін «2» ілмегін есік тығыздауышының
жəне тоңазытқыш жаймасөре қабырғасының арасындағы
саңылауға енгізу жəне ілмектің ұшымен «1» ысырмасының
тиек тақтайшасын көтеру қажет.
Электрондық құлып
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Тоңазыту
бөлімшесі
Күтім жасау
Жаймасөренің тоңазытқыш бөлімінің буландырғышы автоматты түрде ериді. Тоңазытқыш
бөліміндегі буландырғышта аяз немесе мұздатылған тамшылар түрінде конденсацияланған
ылғал компрессорды өшірген кезде ериді жəне дренаж жүйесі арқылы еріген су ыдысына
ағып кетеді, онда ол компрессор шығаратын жылу есебінен буланып кетеді.
•
Жаймасөренің сенімді жəне ұзақ жұмысы үшін ішінде де, сыртында да жүйелі түрде
жинастыру керек.
•
Ол үшін жаймасөрені электр желісінен ажыратыңыз.
•
Жаймасөренің ішкі жəне сыртқы беттерін сабынды су ерітіндісімен жуыңыз, таза сумен
жуыңыз, құрғатып сүртіңіз жəне есікті ашық болған кезде бір сағат бойы желдетіңіз.
•
Жаймасөренің артқы бетіндегі конденсаторда жиналатын шаң жаймасөренің қалыпты
жұмыс істеуіне кедергі келтіреді жəне электр энергиясын тұтынудың артуына əкеледі,
сондықтан конденсаторды шаш қылшағын немесе шаңсорғышты пайдаланып, мезгіл-
мезгіл (6 айда бір рет) шаңнан тазарту қажет.
•
Желдеткіші бар шығыңқы конденсатормен жабдықталған жабдықты апатсыз пайдалануды
қамтамасыз ету үшін («Q» белгіленуі), екі айда кемінде бір рет желдеткіш қалақтарын жəне
конденсатор түтіктерін шаңнан тазарту керек. Бұл үшін бұрағыш көмегімен компрессор
бөлімінің қақпағын алып, одан кейін шаңсорғышпен немесе қылшақ көмегімен шаңды
абайлап кетіру қажет.
Шығыңқы конденсатор мен желдеткішті тазартуды жүргізу үшін авторландырылған сервис
орталығына жүгіну керек.
•
Іргеқабат панелін алып тастау алдында жабдықтың желіден ажыратылғанына көз
жеткізіңіз! Қақпақтың артында ыстық және айналатын бөлшектер орналасқанына
назар аударыңыз.
•
Желдеткіш істен шыққан кезде жабдықты пайдалануға тыйым салынады! Бұл
жағдайда сервистік орталыққа жүгіну қажет.
•
Жаймасөренің корпусында ылғалдың конденсациялануын (тамшылардың пайда
болуын) болдырмау үшін құрылмасымен есіктің периметрі бойынша кіргізіп
орналастырылған жылу контурының көмегімен шкафты жылыту көзделген.
Осыған байланысты компрессордың жұмысы барысында жаймасөренің корпусы,
тығыздағыш, есік корпусы қызуы мүмкін. Бұл құбылыс ақау емес.
Ескертпе
Жаймасөренің қалыпты жұмыс істеу үшін дренаждық
саңылауының бітелмегенін бақылау қажет. Қоқыстанған
кезде оны пайдалану құжаттарының жиынтығына
салынған дренаж ендірмесінің көмегімен тазарту керек
(Бирюса 235DN үлгілерін қоспағанда).
Дренаждық ендірме
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Добавить комментарий