
25
ҚАЗАҚША
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Жаймасөре дұрыс жұмыс істеуі жəне Сізге ұзақ уақыт қызмет етуі үшін бірқатар шектеулерді
сақтау керек:
• Жаймасөренің қаптамасындағы таңбаламасымен рұқсат берілген жағдайларды
қоспағанда жаймасөрені көлденең күйінде тасымалдамаңыз!
• Есігі ашылған жаймасөрені пайдаланбаңыз!
• Есігі зақымдалған жаймасөрені пайдаланбаңыз!
• Жаймасөрені атмосфералық жауын-шашынның, тікелей күн сәулесінің әсерімен
пайдаланбаңыз!
• Жаймасөрені ылғалдылығы жоғары бөлмелерде (төбесі, қабырғалары және
орынжайдағы заттар ылғалмен жабылған), сондай-ақ тоқөткізгіш едендері бар
орынжайларда пайдаланбаңыз! Жаймасөре - бұл ең алдымен электрлік құрылғы
және оны жоғары ылғалдылықта пайдалану электр тоғының тұйықталуына немесе
соғуына әкелуі мүмкін!
• Жаймасөрені электр желісіне қосу үшін жалғастырғыштарды, қосқыштарды,
үшайырларды және ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз, себебі олар өртке әкелуі
мүмкін!
• Жұмыс кезінде компрессорды ұстамаңыз, себебі ол жұмыс кезінде 90 °С
температурасына дейін қыздырылады!
• Жаймасөрені компрессорда қар суына арналған ыдысы болмаса пайдаланбаңыз,
өйткені компрессор релесіне судың тиюі қысқаша тұйықталуға әкелуі мүмкін!
• Жаймасөре үстіне өрт шығуы мүмкін электр жылыту құралдарын орнатпаңыз!
• Жаймасөре жүйесінің үстіне сұйықтықтың тиюіне жол бермеу үшін сұйықтықтары
бар сыйымдылықты жаймасөре үстіне қоймаңыз!
• Жаймасөрені желдеткіш жұмыс істемеген кезде пайдаланбаңыз!
• Ауа айналымына арналған саңылауға желдеткішті бұзуы мүмкін қандай да заттарды
салмаңыз!
• Ауа айналымына арналған саңылауды өнімдермен жаппаңыз, сондай-ақ өнімдерді
қорғаныс қаптамасынан кемінде 20 мм қашықтықта орналастырмаңыз!
• Жаймасөренің құрылымына өз бетіңізше өзгертулерді енгізбеңіз! Бұл жаймасөренің
бұзылуына немесе дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Жаймасөренің электр
тізбегін бұзу қысқа тұйықталуға және соның салдарынан өртке әкелуі мүмкін!
• Жаймасөрені ағаш жәшіктерге, үстелдерге, орындықтарға және т. б. орнатпаңыз.
• Физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен білімдерінің
жетіспеушіліктері бар болған адамдар (балаларды қоса) бақылауда болса немесе
оларға осы жаймасөрені пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғамен
нұсқамалық жүргізілген жағдайларды қоспағанда, осы жаймасөрелер ондай
адамдардың пайдалануына тағайындалмаған!
• Тоңазытқыш жүйесі контурының зақымдалуына жол бермеңіз!
• Тоңазыту жүйесін саңылаусыздандыру кезінде үй-жайды жақсылап желдетіңіз
және ашық жалынды қолданбаңыз!
• Жаймасөренің желдеткіш саңылауларын жаппаңыз!
• Егер олар өндіруші ұсынған тип болмаса, азық-түлік сақтау бөлімдерінің ішінде
электр құрылғыларын пайдаланбаңыз!
• Бирюса 102, 152, 152Р, 154DN, 235DN, 290, 290N, 310, 310N, 310Р, 310PN, 461RN,
461RDN, 461KRDN, 521RN, 521RDN, 521KRDN үлгілерінің жаймасөрелері R600а оңай
тұтынатын суық агентімен толтырылған, сондықтан жаймасөрені тасымалдау мен
орнату кезінде суық агент айналатын контурдың бір де элементтің зақымдамауын
байқау керек. Осындай зақымданулар болған жағдайда жаймасөре орналасқан
орынжайда бұл орынжай желдетілгенше ашық жалынды немесе басқа да тұтану
көздерін пайдалануға тыйым салынады.
• Жаймасөрені электр желісіне қоспас бұрын розетканың жарамдылығын жəне қуат сымы
мен айырдың зақымдалмағанын тексеру керек.
• Электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін қуат сымы зақымданған кезде оны сервис
орталығының маманы немесе ұқсас білікті қызметкер ауыстыруы тиіс.
• Тоқөткізгіш бөліктердің тоңазытқыш корпусына тұйықталу белгілері болған кезде (металл
бөліктерге тигенде шымшу), жаймасөрені желіден ажырату жəне ақаулықты жою үшін
механикті шақыру керек.
• Жаймасөрені жəне табиғи жерге қосылған құрылғыларға (газ плитасы, жылыту
радиаторлары, су шүмектері жəне т.б.) бір уақытта қол тигізбеңіз.
• Жаймасөрені ішін жəне сыртын тазалау, астындағы еденді жуу, ақаулықтарды жою кезінде
желіден ажырату керек.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
Добавить комментарий