
30
ҚАЗАҚША
Кепілдік картасы
Құрметті сатып алушы!
Сізге «Бирюса» сауда маркасының бұйымын таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Кепілдік шарттары:
Дайындаушы зауыттың кепілдік міндеттемелері Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы
негізінде әзірленген.
Аспаптарға кепілдік мерзімі екі жыл.
Кепілдік мерзімі ішінде аспаптың ақаулығы анықталса, дайындаушы (сатушы) «Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы» РФ Заңымен көзделген тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
Түсініспеушілікті болдырмау үшін, Сізден бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері мен шарттарын,
кепілдік міндеттемелерінің шарттарын мұқият зерделеуіңізді, сондай-ақ кепілдік картасын толтыру
дұрыстығын тексеруіңізді сұраймыз.
Кепілдік картасы дұрыс және нақты көрсетілген жағдайда ғана жарамды: үлгісі, бұйымның
сериялық нөмірі, дайындау және сату күні, сатушы-фирманың нақты мөрлері, сатып алушының
қолы. Бұйымның сериялық нөмірі мен үлгісі кепілдік картасында көрсетілгендерге сәйкес келуі
тиіс.
Кепілдікті қызмет көрсету мерзімі аспапты сатқан күннен бастап есептеледі. Егер сату күнін белгілеу
мүмкін болмаса, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» РФ заңына сәйкес кепілдік мерзімі бұйым
шығарылған күннен бастап есептеледі. Кепілдікті жөндеу кезінде бұйымды сатып алу күнін растау үшін
немесе «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» РФ Заңымен көзделген басқа талаптарды қойған кезде,
Сізден ілеспе құжаттарды (чек, квитанция, дұрыс және анық толтырылған кепілдік картасы, сатып алу күні
мен орнын растайтын басқа құжаттар) сақтауыңызды өтініп сұраймыз. Бұйымның сапасы бойынша кез
келген наразылықтар «Бирюса» авторизацияланған сервис орталығының өкілі бұйым сапасын алдын ала
тексергеннен кейін ғана қарастырылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты сатып алған кезде сатушымен бірге пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта көрсетілген жұмысқа қабілеттілігін, жиынтықтылығын, механикалық зақымдардың
жоқтығын тексеріңіз. Дайындаушы-зауыт олар тұтынушыға тапсырғаннан кейін туындаған
жағдайда аспаптың механикалық зақымдары мен толымсыздығы үшін жауапты болмайды.
Аспапты жөндеу пайдалану орнында немесе кепілдікті шеберханада жүргізіледі. Аспапты жөндеу үшін
кепілдікті шеберханаға жеткізу, ауыстыру және оны тұтынушыға қайтару жасалған шарттың негізінде
сатушының (дайындаушының) немесе сатушының (дайындаушының) функцияларын орындайтын
ұйымның күшімен және есебінен жүргізіледі.
Кепілді жөндеуге арналған №1, №2, №3 және №4 талондарды механик кепілді мерзім кезеңінде тораптар
мен бөлшектерді ауыстыра отырып жөндеуді орындағаннан кейін, сондай-ақ кепілді мерзім кезеңінде
тораптар мен бөлшектерді алмастырмай аспапты реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі
жұмыстарды жүргізу кезінде алып қояды.
Кепілдікті шеберханадағы механик талондарды алып қойған кезде талон түбіртегіндегі деректерді
жазып алуды талап етіңіз.
КЕПІЛДІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА КӨРСЕТІЛМЕЙДІ:
тұтынушының пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген тасымалдау, сақтау, орнату, күту, қауіпсіздік
және пайдалану талаптарын сақтамауы;
кепілді қызмет көрсетуді орындауға дайындаушы кәсіпорын уәкілеттік бермеген тұлғалардың жөндеу
жүргізуі;
оқыс жағдайдың немесе еңсерілмейтін күш әсерінен (өрт, дүлей апат және т.б.) болған жарамсыздықтар
кезінде;
тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштердің әсерінен, өзге де бөгде факторлардың әсерінен, сондай-ақ
пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылған техникалық талаптардың елеулі бұзылуынан, оның ішінде
МЕМСТ 13109-97 белгілеген электр желісі параметрлерінің тұрақсыздығынан туындаған қалыпты
жұмыстың зақымдануы немесе бұзылуы кезінде.
Кепілдік Жәшіктерге, Жәшіктердің қаптамасына, есіктердің тұтқаларына, есіктің шыныблогына,
қақпақтың пердесіне, камера құлпына таралмайды.
Авторизацияланған сервис орталықтарының телефондары мен мекенжайлары туралы ақпаратты
www.biryusa.ru сайтымызда немесе QR-кодты сканерлеп таба аласыз.
Добавить комментарий