
20
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Машинаның картон қорабын алыңыз және қаптау материалдарын алып тастаңыз
(қорғаныс тыс, пенопласт амортизаторлары, ағызу құбыршегі мен қуат баусымындағы
бекіткіш таспалар).
Машинаны есігінен немесе барабан тығыздағышынан ұстап жылжытпаңыз!
Қаптаманы
ашу
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Балаларға қаптама материалдарымен ойнауға рұқсат бермеңіз!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Машинаны берік, тегіс және құрғақ жерге орнату қажет.
Машинаны кілемді немесе жұмсақ жабыны бар еденге орнату ұсынылмайды. Бұл
жеткіліксіз желдетуге және машина жұмыс істеген кезде дірілдеудің күшеюіне әкелуі
мүмкін.
Машинаны көлденеңінен тегістеу реттеу тіректерін
айналдыру арқылы жүргізіледі.
Тіректерді бұру үшін бұрандамен немесе басқа
құралмен пайдалануға болады.
Машинаны
орнату
Машинаны дұрыс орнатпау машинаның жұмысы кезінде қатты діріл мен шуылға
әкелуі мүмкін.
• Машинаны жиілігі 50 Гц және атаулы кернеуі 220 В бастап 240 В дейінгі айнымалы токтың
электр желісіне қосу қажет. Көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтін желіге машинаны
қосу оның істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.
• Машинаны электр желісіне жерге тұйықтау сымы бар «I» класындағы бөлек розетка
арқылы қосу қажет.
• Егер розетка және электр қуатының кабелі көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе немесе
розетка машинаны орнату орнынан алшақ болса, электр желісін жөнге келтіру үшін білікті
маманға жүгіну қажет.
Электр
желісіне қосу
Кептіру кезінде пайда болатын конденсат машинаның артқы жағындағы ағызу құбыршегі
арқылы конденсатқа арналған ыдысқа шығарылады. Сондай-ақ, машина құрылмасында
конденсатты ағызу құбыршегі арқылы кәрізге шығару мүмкіндігі қарастырылған.
Заттарды кептіру үдерісінде пайда болатын конденсат суға арналған ыдыста жиналады.
Қажет болған жағдайда конденсатты кәрізге ағызу үшін машинаға ағызу құбыршегі қосылуы
мүмкін.
Кәріз
жүйесіне
қосу
• Сондай-ақ, ағызу құбыршегінің шығысын шұңғылшаның немесе ваннаның ернеуіне
бекітуге болады. Бұл ретте құбыршек бағыттауыш көмегімен бекітілуі қажет.
• Ағызу құбыршегі суға батырылмауы тиіс.
• Ағызу құбыршегі қосылғаннан кейін қысылмауы немесе иілмеуі тиіс.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Ағызу құбыршегін қосу үшін мыналарды орындау қажет:
1. Машинаға орнатылған ағызу құбыршегінің жоғарғы ұшын төмен тартып алып тастаңыз.
2. Орнатылған ағызу құбыршегін жиынтыққа кіретін ағызу құбыршегімен қосыңыз.
3. Құбыршекті кәріз құбырының ағызу тесігіне бекітіңіз.
Встроенный
сливной шланг
Сливной
шланг
Шланг перелива
Асып төгілу құбыршегі Су ағызатын
құбыршек
Орнатылған
ағызу құбыршегі
Добавить комментарий