
19
ҚАЗАҚША
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
• Физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімдерінің жетіспеушіліктері бар болған адамдар (балаларды қоса) бақылауда
болса немесе оларға осы машинаны пайдалану туралы олардың қауіпсіздігін
жауапты тұлғамен нұсқамалық жүргізілген жағдайларды қоспағанда, осы машина
ондай адамдардың пайдалануына тағайындалмаған!
• Балаларды олардың машинамен ойнауына жол бермеу мақсатында бақылау
керек!
• Машинаны тұғырық, тапал тіреу және т.б. ретінде қолдануға, машинаның үстіне
шығуға.
• Машинаның астына қандай да бір заттарды қоюға, айналатын барабанды ұстауға.
• Машинаның ашық есігіне сүйенуге.
• Машинаның желдеткіш саңылауларын бөгемеңіз.
• Машинаны үй-жайдан тыс орнатуға.
• Машинаны қоршаған орта температурасы 0 °С төмен үй-жайда пайдалануға.
• Машинада өсімдік майы, ацетон, алкоголь, бензин, керосин, дақ тазалағыштар,
скипидар, парафин және парафин тазалағыштар және т.б. сияқты тұтанғыш
заттармен ластанған заттарды кептіру.
• Кептіру циклі аяқталғанға дейін машинаның есігін ашу.
Машина электрлік тұрмыстық аспап болып табылады, сондықтан оны пайдаланған
кезде жалпы электр қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
• Машинаны тек жерге тұйықталған электрлік желіге жалғау қажет.
• Машинаны жалғау розеткасы жерге тұйықталған болуы және машинаны электр желіден
шұғыл ажырату үшін қолжетімді жерде орнатылуы тиіс.
• Машинаның қабықшаларымен қамтамасыз етілетін қорғаныс дәрежесі - IPX4.
• Машинаны электр желісіне қосудың алдында қуат баусымының зақымдалмағанына
көз жеткізу қажет. Қуат баусымы қатты қысылмауы және майыспауы тиіс. Қуат баусымы
зақымдалған кезде оны сервистік қызметтің маманы немесе ұқсас білікті қызметкерлер
ауыстыруы тиіс.
• Машинаны жерге тұйықталмаған розеткаға қосуға.
• Машинаны ток артық жүктемесінен ақаулы қорғанысы бар электр желісіне қосуға.
• Машинаны электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетіктерді және ұзартқыш
баусымдарды қолдануға.
• Қуат баусымынан ұстап машинаны электр желісінен ажыратуға.
• Жұмыс істеп тұрған машинаны және қуат баусымының ашасын дымқыл қолмен
ұстауға.
• Машинаның немесе электрмен жабдықтаудың құрылымын өз бетінше жөндеуге
және өзгерістер енгізуге. Машинаны тек сервистік орталықтың мамандары жөндеуі
тиіс.
Осы нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік талаптарын және пайдалану ережелерін
сақтамау кепілдікті жоғалтуға әкеледі.
Өндіруші машинаның зақымдалуы және көрсетілген қауіпсіздік талаптарын және
машинаны пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде келтірілген нұқсан үшін жауапты
емес.
Бөтен шуылдар, тарсыл, түтіндеу және т.б. пайда болуымен байланысты
ақаулар туындаған жағдайда, машинаны электр желісінен дереу ажырату және
авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну қажет.
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
Пайдалану
кезіндегі
қауіпсіздік
шаралары
Электр
қауіпсіздігі
ережелері
Добавить комментарий