
23
ҚАЗАҚША
Басқару
панелі
Функциялары
24 5 6 7
1 - Машинаның қуатын қосу және сөндіру батырмасы.
2 - «Кідіріс/бастау» батырмасы - кептіру циклін іске қосу үшін қызмет етеді және
бағдарламаның орындалуын уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді.
3 - Кептіру бағдарламаларын ауыстырып-қосқыш.
4 - «Кейінге қалдырылған бастау» функциясы.
5 - Кептіру ұзақтығын таңдау функциясы.
6 - «Бүктесінсіз» функциясы.
7 - Қарқынды кептіруді қосу функциясы.
8 - Индикациялық дисплей. Бағдарламаны орындау кезінде дисплейде кептіру циклінің
аяқталуына дейін қалған уақыт, сондай-ақ қате кодтары көрсетіледі.
9 - «Кейінге қалдырылған бастау» функциясының индикаторы.
10 - «Балалардан бұғаттау» функциясының индикаторы.
11 - Сүзгіні тазарту қажеттілігінің индикаторы. Бұл кептіргішті қолданар алдында немесе
одан кейін сүзгіні тазалау қажеттілігін еске салады. Машина қосылған сайын автоматты
түрде жанады, бағдарлама басталғаннан кейін сөнеді.
12 - «Бүктесінсіз» функциясының индикаторы.
13 - «Қарқынды кептіру» функциясының индикаторы.
18 11 12 139103
«Кейінге қалдырылған бастау». Функция кептіру циклі іске қосылатын уақытты белгілеуге
мүмкіндік береді. «4» батырмасын басқанда цикл басталғанға дейінгі уақыт біртіндеп
ауыстырылады. Дисплейде таңдалған уақыт көрсетіледі, «9» индикаторы жанады. Кептіруді
іске қосуға дейінгі уақыт 1 сағат қадамымен 1 сағаттан 24 сағатқа дейін берілуі мүмкін.
Уақыт санағы басталуы үшін «Кідіріс/Бастау» батырмасын басу керек. «Кідіріс/Бастау»
батырмасын қайта басқанда «Кейінге қалдырылған бастау» функциясы тоқтатылады.
Функцияны өшіру үшін «Қосу/Сөнд.» батырмасын басу керек.
«Уақыт». Бағдарламаларға арналған 10 минуттық қадаммен кептіру уақытын реттеу
функциясы: «Жылы», «Суық», «Жаңарту». Уақытты реттеу ауқымы әртүрлі кептіру
бағдарламалары үшін ерекшеленеді (Кептіру бағдарламаларының сипаттамасын қараңыз).
«Бүктесінсіз». Кептіру циклі аяқталғаннан кейін заттардың үтіктеуін жеңілдету функциясы.
«Салқын», «Жүн», «Жаңарту» бағдарламаларынан басқа барлық бағдарламаларда кептіру
аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде әдепкі «Бүктесінсіз» функциясы бар. Функцияны тоқтату
үшін есікті кептіру аяқталғаны туралы дыбыстық сигналдан кейін бірден ашып, заттарды
алу қажет. Егер есік дыбыстық сигналдан кейін жабылып тұрса, «Бүктесінсіз» функциясы
30 минутқа автоматты түрде іске қосылады. Әрбір 10 минут сайын барабан айналады және
мыжылуды болдырмау үшін дірілдейді. 30 минуттан кейін функция өшіріледі. «Бүктесінсіз»
функциясының уақыты 120 минутқа дейін ұзартылуы мүмкін. Ол үшін «6» батырмасын басу
қажет. Дисплейде көрсетілетін уақыт «Бүктесінсіз» функциясының уақытын есептемейді.
Добавить комментарий