
20
сөндіріңіз және кепілдеме талоны мен
www.vitek.ru сайтында көрсетілген байланыс
мекенжайлары бойынша кез-келген
авторландырылған (уәкілетті) сервистік
орталыққа жүгініңіз.
•Құрылғынының зақымдануын болдырмау
үшін оны зауыттық қаптамада
тасымалдаңыз.
•Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА
ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҒАНА
АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны суық (қысқы) жағдайларда
тасымалдағанда немесе сақтағаннан
кейін оны бөлме температурасында үш
сағаттан кем емес уақыт бойы ұстау
қажет.
– Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз,
оның жұмысына кедергі келтіретін, кез-
келген жарнамалық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
– Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз,
зақымданған жерлері болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
– Құрылғының жұмыс кернеуі электр желісі
кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
– Қондырмаларды (1, 2, 3), қақпақты (4),
тостағанды (5) және қалақшаны (30)
бейтарап жуатын құрал қосылған жылы
сумен жуыңыз, шайыңыз және кептіріңіз.
– Еттартқыштың қондырмалары детальдарын
(15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22), бейтарап
жуу құралы қосылған жылы сумен жуыңыз,
блендер тостағанын (детальдарын 23, 24,
25) жуып жіберіңіз, шайыңыз және кептіріңіз.
– Мотор блогі (8) мен негізін (10) сәл дымқыл,
жұмсақ матамен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
ҚОНДЫРМАЛАР (1, 2, 3)
Қамыр илеуге арналған қондырмалар (1)
Илеуге арналған қондырмамен жұмыс істеу
уақыты: 1 жылдамдықта 30 секунд,
3 жылдамдықта 3-5 минут.
Қондырманы (1) дрожжи қосылған қамыр
илеуге, фаршты және т. б. араластыруға
пайдаланыңыз.
Қамырға арналған құрғақ ингредиенттерді «1-2»
жылдамдықта араластырыңыз, қамыр илеу
үдерісінде жұмыс режимдерін ауыстырғышы
(11) көмегімен қондырманың (1) айналу
жылдамдығын арттырыңыз немесе азайтыңыз.
Араластыруға арналған қондырма (2)
Араластыруға арналған қондырмамен
жұмыс істеу уақыты: 5-тен 7 минутқа дейін.
Қондырманы (2), мысалы, картоп езбесін
жасау үшін пайдаланыңыз. Ұсынылатын жұмыс
жылдамдығы режимдері 1- ден 4-ке дейін.
Көпіршітуге арналған бұлғауыш (3)
Көпіршітуге арналған қондырмамен жұмыс
істеу уақыты: 5-тен 7 минутқа дейін.
Бұлғауышты (3) кілегейлерді, жұмыртқа ақуызын
көпіршітуге, пудингтер, коктейльдер, крем,
майонез, тұздықтар әзірлеуге, сонымен қатар
сұйық өнімдерді араластыруға пайдаланыңыз.
Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы режимдері –
5- тен 6-ға дейін.
Еттартқыш қондырма
Еттартқыш уақыты: 5-тен 7 минутқа дейін.
Еттартқыш қондырма өнімдерді өңдеуге және
үйдің жартылай дайын өнімдерін әзірлеу үшін
тағайындалған.
Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы режимдері –
3- тен 6-ға дейін.
Блендер тостағаны
Жұмыс істеу уақыты: 1 минут.
Блендер өнімдерді ұсақтауға, түрлі
ингредиенттерді араластыруға және коктейиль
әзірлеуге арналған.
Ұсынылатын жұмыс жылдамдығы режимдері
1- ден 6-ға дейін.
Ескертпелер:
– Қондырманың дұрыс орнатылуын
қадағалаңыз және жұмыс алдында
қондырманың берік бекітілгенін тексеріп
отырыңыз.
– Жұмыс уақытында негіздегі (10) желдету
саңлауларын жаппаңыз, бұл электр
мотордың қызып кетуіне әкелуі мүмкін.
АСҮЙЛІК МАШИНЕНІ ПАЙДАЛАНУ
– Қондырмаларды орнату алдында жұмыс
режимдері ауыстырғышы (11) «0» күйінде
IM VT-1440.indd 20 04.03.2019 15:44:47
Добавить комментарий