
27
Ілеспе тауарлар / арнайы жабдықтар
Сіздің THOMAS TWIN AQUAFILTER құрылғыңыз үшін арнайы жабдықтар мен ілеспе тауарлардың
кең ассортименті ұсынылады.
Бұл ассортимент туралы қосымша мәліметтер алу үшін берілген пошта карточкасын жіберуге
немесе арнайы дүкенге немесе тікелей THOMAS зауыттық сервис қызметіне хабарласуға
болады.
Нұсқау!
THOMAS фирмалық жабдықтарын пайдаланған жағдайда ғана құрылғы функцияларына және
тазалау тиімділігіне кепілдік берілуі мүмкін.
Қоршаған орта үшін
Қаптама материалы мен істен шыққан құрылғыларды тастамаңыз!
Қаптама:
c Қаптама картонды макулатураға тапсыруға болады;
c Полиэтилен пакетті (PE) қайта өңдеу үшін жинау пунктіне тапсырыңыз.
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін құрылғыны утилизациялау:
c Құрылғыны жергілікті нұсқауларға сәйкес утилизациялаңыз. Электр желісінің розеткасынан
ажыратылған желілік сым айырын алдын ала кесіп алыңыз.
Өнімдегі немесе оның қаптамасындағы «сызып тасталған қоқыс багы» таңбасы
өнімге әдеттегі қоқыс сияқты қарауға болмайтынын, оны электр және электрондық
құрылғыларды утилизациялауға арналған жинау пунктіне тапсыру керектігін
білдіреді.
Бұл өнімді дұрыс утилизациялау арқылы қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын
қорғауға өз үлесіңізді қосасыз. Дұрыс емес утилизациялау қоршаған орта мен адамдардың
денсаулығы үшін қауіп төндіреді.
Бұл өнімді утилизациялау туралы қосымша ақпаратты өзіңіздің жергілікті, билік органынан,
жергілікті қоқыс жинайтын фирмадан немесе осы өнімді сатып алған дүкеннен ала аласыз.
Байланыс мәліметтері сыртқы бетінде көрсетілген.
Сервис қызметі
Дүкеніңіздегі сатушыдан THOMAS фирмасының қайсы сервис орталығына хабарласуыңыз
керектігін сұраңыз.
Оған THOMAS TWIN AQUAFILTER өнімінің паспорттық тақташасындағы
деректерді беріңіз.
Құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жөндеу жұмыстарын,
әсіресе электромеханикалық бөліктерін жөндеуді маман электриктер
орындауы тиіс.
Ақаулықтар болған жағдайда өзіңіздің арнайы дүкеніңізге немесе тікелей
THOMAS зауыттық сервис қызметіне хабарласыңыз.
Байланыс мәліметтері сыртқы бетінде көрсетілген.
Техникалық мәліметтер
Түрдің белгісі 788/H4
Электр қуаты: 220-240 В, 50/60 Гц
Тұтынылатын қуат: зауыттық тақтаны қараңыз
Электр шнурының ұзындығы: шамамен 6 м
Құрал өлшемдері (Ұ×Е×Б): (483×324×353 мм)
Бос құралдың салмағы: шамамен 8,4 кг
Таза суға арналған контейнер көлемі: 3 литр
Геркон датчигі бар электрондық қалтқы ажыратқышымен өшіру
Сенсорлық функционалдық ажыратып қосқышпен қуатты бірқалыпты реттеу
Жасалған күні: құралдың төменгі жағында орналасқан фирмалық
жапсырманы қараңыз
Кат. №: xxxxxxxx _ _ _ _
(апта күні) (апталық күн) (жыл)
Кепілдік
Сатып алу-сату туралы шарттан туындайтын сатушының кепілдік міндеттемелерінен тәуелсіз, бұл
құрылғы үшін кепілдікті төменде көрсетілген шарттарға сәйкес береміз.
1. Кепілдік мерзімі 24 айды құрайды – уақыт санағы бірінші соңғы тұтынушыға жеткізілген
күннен басталады. Бұл мерзім құрылғыны кәсіби немесе соған ұқсас мақсатта
пайдаланғанда 12 айға дейін қысқарады. Кепілдік бойынша шағым білдіру үшін сатып
алу туралы түбіртекті көрсету керек.
2. Кепілдік жарамды болған мерзімде, төмен сапалы өндіруге немесе материалдың
ақауларына байланысты болған барлық маңызды жұмыс ақауларын ақаулы бөлшектерді
жөндеуді немесе оларды алмастыруды өзіміз таңдау арқылы жоямыз. Алмастырылған
бөлшектер біздің иелігімізге өтеді. Кепілдік шыныдан немесе пластмассадан жасалған
сынғыш бөлшектерге, шамдарға қолданылмайды. Жарамдылық мерзімі кезіндегі ақаулар
туралы бізге дереу хабарлау керек. Кепілдік мерзімінде болған жұмыстағы ақауларды
жою үшін бөлшектерді ауыстыру және жұмыс уақыты шығындары есепке алынбайды.
Сервис қызметімізді дұрыс емес пайдаланудан болған шығындарды тапсырыс беруші
төлейді. Тапсырыс берушіде немесе орнатылған орында орындалатын жөндеу жұмыстарын
тек үлкен құрылғылар үшін сұрауға болады. Басқа құрылғылар сервис қызметінің жақын
орналасқан кеңсесіне, ресми шеберханаға немесе зауытқа жіберілуі тиіс.
3. Кепілдік беру міндеттемесі құрылғының құндылығына және жұмысқа жарамдылығына
әсер етпейтін кішкентай ауытқуларға, судың химиялық және электрохимиялық әсерінен
болған залалға және қоршаған ортаның аномалиялық жағдайларынан болған залалға
қолданылмайды. Әдеттегі тозудан болған зақымдалу үшін, пайдалану жөніндегі
нұсқаулар орындалмағанда немесе құрылғы дұрыс пайдаланылмаған жағдайда кепілдік
қолданылмайды.
4. Егер біз рұқсат бермеген адамдар құрылғыны жөндеуге араласса немесе жөндесе, кепілдік
қолданылмайды.
5. Кепілдік бойынша қызметтер жалпы құрылғы немесе орнатылған бөлшектер үшін кепілдік
мерзімін ұзартуға немесе жалғастыруға әсер етпейді. Орнатылған бөлшектердің кепілдік
мерзімі жалпы құрылғының кепілдік мерзімімен бірге аяқталады.
6. Қосымша шағымдар, әсіресе құрылғыдан тыс болған залалды өтеуге байланысты, егер
жауапкершілік заң бойынша орнатылмаса, қолданылмайды.
Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін Сізге сервис қызметімізді ұсынамыз. Құрылғыны сатып
алған дүкенге немесе тікелей сервис қызметімізге хабарласыңыз.
Өндіруші осы нұсқау баспаған соң аспаптың құрамдауына немесе үйлесіміне өзгерістерді
енгізуге ерік.
Добавить комментарий