Thomas Twin T1 Aquafilter 788550

Данная инструкция на русском языке предназначена для пылесоса Thomas Twin T1 Aquafilter 788550, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для пылесоса представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
26
Таза су резервуарындағы барлық сұйықтық біткеннен кейін, лас су резервуарынан
лас суды төгу керек.
Жоғарыда көрсетілген нұсқау орындалмаса, лас су резервуары толса (электр
қозғалтқыштың жоғарыланған айналу жиілігі анық естіледі), лас су резервуарындағы
қалтқы сору процесін автоматты түрде тоқтатады.
Құрылғыны өшіріңіз, айырды желіден ажыратыңыз және лас су резервуарын
тазалаңыз.
Қатты төсемді едендерді тазалау
Қатты еден төсеміне арналған адаптерді кілем төсемдеріне арналған экстракциялық саптамаға
жылжытыңыз.
Бұл жүйенің көмегімен қатты еден төсемдерін бір жұмыс жүрісінде тазалай және кептіре
аласыз.
Паркет және ламинат едендер үшін ешқашан ылғалды тазалауды орындамаңыз. Ылғалды
тазалау кезінде еден төсемдерін өндірушінің ұсыныстарын міндетті түрде толық сақтау
қажеттілігі туралы ескертеміз.
Жұмыс әдісін «Кілемдерді тазалау» бөлімінен қараңыз
Қатты едендерді тазалау үшін жуғыш ерітінді үшін THOMAS ProFloorконцентратын
ұсынамыз.
Сұйықтықтарды
жинау
TWIN AQUAFILTER көмегімен төгілген, су негізіндегі қауіпсіз сұйықтықтарды
(мысалы, суды, кофені және т.б.) соруға болады
Аквасүзгі блогын лас су резервуарынан шығарыңыз және
оның орнына бекітілген сорылатын ағынды бұру құрылғысы бар аксессуарлармен
бірге берілген судың төгілуінен қорғайтын ендірмені орнатыңыз.
Жарамды саптаманы таңдап, оны сорғыш құбырға немесе тұтқаға орнатыңыз.
Лас су резервуары толса (электр қозғалтқыштың жоғарыланған айналу жиілігі анық
естіледі), лас су резервуарындағы қалтқы сору процесін автоматты түрде тоқтатады.
Құрылғыны өшіріңіз, айырды желіден ажыратыңыз және лас суды резервуардан
төгіңіз.
Тазалау және күтім жасау
Техникалық қызмет көрсету және тазалау жұмыстарын құрылғыны өшіргеннен және желілік
айырды розеткадан ажыратқаннан кейін орындаңыз.
Ылғалды тазалаудан / сұйықтықтарды жинаудан кейін
Құрылғының корпусын тазалау үшін ылғал жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз.
Абразивтік тазалау құралдарын немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Таза су резервуарын шығарып алып, суды төгіңіз.
Лас су резервуарын тазалаңыз.
Шашыраудан қорғайтын ендірмені, лас су резервуарын және ылғал сүзгіні таза және
мүмкіндігінше жылы сумен шайыңыз.
Лас су резервуарының қалтқысын (12b) әрқашан таза және жылжымалы күйде
сақтаңыз. Лас су резервуары толған кезде, ол соруды тоқтатады.
Сору камерасындағы су тамшыларын жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Сорғыш жалғама құбырдан және корпус қақпағының ішкі жағынан ласты кетіріңіз.
Тазалау ыңғайлы болуы үшін корпус қақпағын құрылғыдан шығаруға болады.
Ол үшін қақпақты ашып, тігінен қайырыңыз. Топсадан шыққанша қақпақты алға
қарай басыңыз. Сонан соң қақпақты жоғары көтеріңіз.
Орнату үшін корпус қақпағын тігінен салып жабыңыз. Қақпақ автоматты түрде топсада
бекітіледі.
Сорғы мен клапандарға күтім жасау үшін таза су резервуарын таза
сумен толтырыңыз және бүріккіш құрылғыны қосыңыз, мысалы,
шұңғылшаның үстінде (бекітпе клапандағы иінтіректі басыңыз).
Жүйедегі қалдық қысымды жою үшін бекітпе клапанның иінтірегін басыңыз.
Тазалаудан кейін құрылғы мен жабдықтар толық кебуі тиіс.
Шаңды тазалаудан кейін
1. АКВА сүзгісінің жүйесі
Қақпақ бекіткішін көтеру арқылы корпустың қақпағын ашыңыз.
Лас су резервуарын шығарыңыз.
АКВА сүзгісін (11) тұтқасынан ұстап лас су резервуарынан шығарыңыз және лас суды төгіңіз
(мысалы, әжетханаға).
Кеуекті сүзгіні шығарыңыз (11а). Ол үшін АКВА сүзгісінің жақтауын аздап жоғары тартып,
жанына қайырыңыз.
АКВА сүзгісін, кеуекті сүзгіні, ылғал сүзгіні және лас су резервуарын жуғыш
заттарды қолданбай, таза сумен шайыңыз.
Қайта пайдаланудан бұрын АКВА сүзгісінің жиынтығын кептіріңіз.
Ласпен және талшықтармен бітелген сорғыш сүзгіні тазалау үшін оны шығарған жеңілірек
болады, кейін оны қайта жабу керек.
Сорғыш жалғама құбырдан ласты және шаң түйіртпектерін жойыңыз.
2. HEPA сүзгісі
TWIN AQUAFILTER құрылғысында жоғары сапалы HEPA сүзгісі бар (13), қажеттілікке және үйдегі
шаңның түріне байланысты оны бірнеше рет тазалауға болады.
Тазалау пайдалануға байланысты және сору күшінің азаюына қарай орындалуы керек
(кемінде жарты жылда бір рет).
HEPA сүзгісін құрылғыдан шығарып, оны қатты жерде қағыңыз.
Қаттырақ ластанған жағдайда сүзгіні тазалау құралдарынсыз таза сумен шайып, кейін
қағуға болады.
Тазалау кезінде шөткені пайдалануға болмайды. Орнатпас бұрын
сүзгіні толық кептіріп алу керек.
HEPA сүзгісін тазалау кезінде сүзгінің пластинасын зақымдап алмаңыз.
HEPA сүзгісін тазалағаннан кейін құрылғының сору күші айтарлықтай артпаса, сүзгіні жаңасымен
ауыстыру керек.
3. МКА микросүзгісі
МКА микросүзгісін (18) жарты жыл сайын ауыстырып отыру керек.
Ол үшін ауа шығатын қақпақтағы екі пластмасса тілшікті төмен басу керек және ауа шығатын
қақпақты қайыру керек.
МКА микросүзгісін ауыстырыңыз. Ауа шығатын қақпақты қайта жабыңыз.
Страницы: Стр: 26
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Пылесосы Thomas