
23
Сізді құттықтаймыз…
… жоғарғы класқа жататын THOMAS TWIN AQUAFILTER жуатын шаңсорғышын
алуыңызбен құттықтаймыз, оның көмегімен кілемдеріңізді, кілем төсемдерін,
қатты төсемді едендерді және жұмсақ жиһазды тиімді тазалай аласыз.
THOMAS TWIN AQUAFILTER шаңсорғышын сатып алып, Сіз эксклюзивтік өнімді
таңдадыңыз және ол шаңсорғышпен күнделікті тазалау үшін бұрын болмаған
мүмкіндіктерді береді.
Бұл озық технологияға негізделген, тамаша, өнімділігі жоғары шаңсорғыш болып табылады және
ол кілемдер, едендер немесе жұмсақ жиһаз сияқты әртүрлі беттерді тазалауды жылдамдатады
және жеңілдетеді, уақытты үнемдейді және тазалау сапасын арттырады.
Шаңсорғышты құрғақ ласты, шаңды кетіру және су негізіндегі сұйықтықтарды жинау үшін
пайдалануға болады. Оны кілем төсемдерін, қатты төсемді едендерді және жұмсақ жиһазды
мұқият тазалау үшін жуатын шаңсорғыш ретінде пайдалану арқылы оның жоғары тиімділігіне
көз жеткізе аласыз.
Құрылғыны жылдамырақ меңгеріп алып, оның барлық мүмкіндіктерін толық пайдалануды
үйрену үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. THOMAS фирмасының
жаңа құрылғысы дұрыс пайдаланылса және күтім жасалса, Сіз үшін көптеген жылдар бойы
қызмет етеді. Жұмысыңыз жағымды болсын!
Сіздің THOMAS фирмаңыз
Бірінші рет қосудан бұрын
Төменде берілген барлық ақпаратты мұқият оқып шығыңыз. Ол қауіпсіздік
шаралары, құрылғыны пайдалану және оған күтім жасау туралы маңызды
нұсқауларды қамтиды. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап қойыңыз
және қажет болса, келесі иесіне құрылғымен бірге беріңіз.
Қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулар
c THOMAS TWIN AQUAFILTER тек үйде пайдалануға арналған.
c Құрылғыны мына жағдайларда еш уақытта қосуға болмайды:
- желілік жалғаушы сым зақымдалған,
- құрылғыда көзге көрінетін ақаулар бар,
- құлап қалған.
c Фирмалық тақташада көрсетілген кернеу желідегі кернеуге сәйкес келуі тиіс.
c
Құралды 16 А автоматты сақтандырғышпен қорғалған розеткаға ғана қосыңыз.
c Құрылғыны тұтанғыш материалдар сақталатын немесе жарылу қаупі бар газдар пайда
болатын бөлмелерде ешқашан пайдаланбаңыз.
c Қосылған құрылғыны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
c Әсіресе баспалдақтарда тазалаған кезде абайлаңыз. Баспалдақтың сатысында құрылғының
нық тұрғанын тексеріңіз және сорғыш шлангінің шектен тыс тартылмауын қадағалаңыз.
Пайдалану кезінде ешқашан құрылғыны тігінен қоймаңыз.
c Саптамаларды және сорғыш құбырды (құрылғы қосулы кезде) басқа жақындатпаңыз, бұл
көзге және құлаққа қауіпті.
c Бүркілетін су ағынын адамдарға немесе жануарларға, штепсельдік розеткаларға немесе
электр құрылғыларына бағыттамаңыз.
c 8 жастан асқан балалар және физикалық, сенсорлық немесе
менталдық қабілеттері төмен немесе жеткілікті тәжірибесі
және (білімі) жоқ адамдар бұл шаңсорғышты тиісті адамның
бақылауымен немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқаулар алған жағдайда және оны пайдаланумен
байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады.
Балалардың құрылғымен ойнауына тыйым салынады.
Балалардың құрылғыны бақылаусыз тазалауына және оған
күтім жасауына тыйым салынады.
c Егер АКВА сүзгісінің жүйесі пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
орнатылмаса, TWIN AQUAFILTER құрылғысын құрғақ тазалау үшін
пайдаланбаңыз. Құрылғы зақымдалуы мүмкін.
c Терісі сезімтал адамдар жуғыш ерітіндімен тікелей контакт жасамауы тиіс; жуғыш ерітінді
көздің шырышты қабығына, ауыз қуысына т.б. тисе, көп мөлшердегі сумен дереу шаю керек.
c Назар аударыңыз! Құрылғының бұл моделі денсаулыққа зиянды заттарды, құрамында
еріткіштер бар сұйықтықтарды, лакқа арналған сұйылтқыштарды, майды, бензинді және
сол сияқты химиялық агрессивті ерітінділерді соруға арналмаған.
c Майда шаңды көп мөлшерде шаңсорғышпен тартпаңыз, мысалы, тонерді
немесе күйені. Құрылғының басқа сүзгілерінің жұмысы бұзылуы және тіпті
құрылғы зақымдалуы мүмкін.
c Ылғалды тазалау аяқталғаннан кейін құрылғының барлық резервуарларын босату керек.
Химиялық заттар (қатты едендерді және кілем төсемдерін тазалауға арналған құралдар)
балалардың қолына тимеуі керек.
c Жуғыш заттарды дайындау үшін THOMAS фирмалық концентраттарын пайдаланған
жағдайда ғана құрылғының функциялары мен тазалау кезіндегі тиімділік үшін кепілдік
берілуі мүмкін.
c Тазалаудан / күтім жасаудан / толтырудан / босатудан бұрын және
ақаулар пайда болғанда барлық ажыратқыштарды ажырату және айырды
электр желісінің розеткасынан алып тастау керек.
c Құрылғыны ашық аспан астында қалдырмаңыз, ылғалдың тікелей әсерінен қорғаңыз
және сұйықтықтарға батырмаңыз және жылыту және қыздыру құрылғыларының қасында
сақтамаңыз.
c Құрылғыны және оның жабдықтарын құрғақ, таза және жабық бөлмеде сақтаңыз.
c Ешқашан THOMAS TWIN AQUAFILTER құрылғысының, оның жабдықтарының, желілік
сымның (арнайы сым қажет) ақауларын өзіңіз жөндемеңіз. Өкілетті сервистік қызмет
көрсету орталықтарының қызметтерін ғана пайдаланыңыз, себебі құрылғыға енгізілген
дұрыс емес өзгерістер денсаулығыңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Тек фирмалық қосалқы
бөлшектердің және жабдықтардың пайдаланылуын қадағалаңыз.
c Сонымен қатар «Пайдалануға арналған ақпарат» бөлімдерінде көрсетілген
ережелерді орындаңыз.
c Құрылғыны басқа мақсаттарға қолдануға немесе оған дұрыс күтім жасамауға байланысты
пайда болған құрылғының, жабдықтардың ықтимал ақаулары үшін өндіруші жауап бермейді.
c Айырды электр желісінің розеткасынан сымнан емес, айырдан ұстап шығарыңыз.
c Желілік сымға ыстықтың немесе химиялық агрессивті сұйықтықтардың әсер етпеуін және
оның заттардың өткір қырларына тимеуін қадағалаңыз.
Добавить комментарий