
113112
Балалар үшін, тіпті жеңіл күйіп қалулар зор қауіптілік тудырады.
Балалар есейген сайын, оларды асханада болуы мүмкін ыстық сұйықтықтарды
абайлап қолдануға үйрету қажет. Шәйнек және электр баусымы балалардың қолы
жетпейтін жерде, жұмыс үстелінің шетінен мүмкіндігінше алыс орналасуы қажет.
Егер қайғылы оқиға орын алса, күйіп қалған аумақты тез арада салқын сумен
жуыңыз, қажет болған жағдайда дәрігерге көрініңіз.
•
Қайғылы оқиғалардан аулақ болу үшін, Сіздің қолыңызда бала болған жағдайда
ыстық сусындарды ішпеңіз және тасымаңыз.
АҚАУЛАР
ЕГЕР ШӘЙНЕКТІҢ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ БОЛМАСА:
• Шәйнек жұмыс істемейді
–Шәйнектің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
–Шәйнекте су болған жоқ болмаса қақ жиналып қалған, осының салдарынан су
жоқ болған кезде шәйнекті ажырататын қауіпсіздік жүйесі іске қосылды: шәйнектің
суығанын күтіңіз, оны негізінен алыңыз және су құйыңыз. Қақ жиналып қалса,
алдымен қақты тазалаңыз.
Ауыстырып-қосқышты басу арқылы шәйнекті қосыңыз: ол шамамен 15 минуттан кейін
жұмыс істейді.
ЕГЕР ШӘЙНЕК ҚҰЛАП ҚАЛСА, ОДАН СУ АҒАТЫН БОЛСА, ЕГЕР БАУСЫМДА,
ШӘЙНЕКТЕ НЕМЕСЕ ҮЙКЕКТЕ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАР БОЛСА
Шәйнекті Tefal фирмасының кепілді қызмет көрсетудің уәкілетті орталығына апарыңыз,
өйткені тек осындай орталықтардың ғана жөндеуді жүргізуге құқығы бар. Кепілдіктің
шарттары мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін орталықтардың тізімі электр құралымен
қоса ұсынылған кепілдік кітапшасында берілген. Үлгі мен сериялық нөмірі электр
құралының төменгі бөлігінде көрсетілген. Бұл кепілдік тек өндірістік кемшіліктер
мен үйдегі қолданыс барысында туындаған ақауларды ғана жабады. Нұсқаулықты
сақтамағандықтан туындаған кез келген зақымданулар мен бұзылулар кепілдік
шартына кірмейді.
•
Tefal, тұтынушының мүддесінде, өз шәйнектерінің сипаттамаларын немесе құрам
бөлшектерін кез келген сәтте өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
•
Зақымдалған болса, шәйнекті пайдаланбаңыз. Электр құралын бөлшектеуге немесе
қауіпсіздік құрылғысын алуға тырыспаңыз.
•
Егер электр баусымы зақымданған болса, онда қайғылы оқиғалардан аулақ болу
үшін, ол өндірушімен, оның кепілдік қызметтерымен немесе сәйкес біліктілігі бар
маманмен алмастырылуы қажет.
ТҰРМЫСТА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
2012/19/EU қоқыс электр және электрондық жабдықтар (WEEE) туралы еуропалық
директива барлық пайдаланылған тұрмыстық құрылғылардың кәдімгі тұрмыстық
қоқыспен бірге қоқысқа лақтырылмауын талап етеді. Құрамдас бөліктерін қалпына
келтіруді және қайта өңдеуді барынша арттыру, осылайша адамдардың денсаулығына
және қоршаған ортаға әсерін азайту үшін пайдаланылған құрылғылар бөлек жиналуы
керек.
Сіздің құралдың құрамында қалпына келетін және қайта қолдануға болатын
бағалы материалдар бар.
Оны жергілікті қалдық жинайтын пунктіге апарып өткізіңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Ақаулық сипаттамасы Себептер Шешімдер
Шәйнек жылытуды
бастамайды
Шәйнек қуат
негізінде дұрыс
орналастырылмаған.
Шәйнекті қуат негізінде
қайта орналастырыңыз.
Шәйнек жылытуда, бірақ
басқару тақтасының
шамдары өшірулі.
Индикациялық
шамдардағы қосылым
мәселесі және/
немесе индикатор шам
зақымдалған.
Өкілетті сервистік
орталыққа жөндеуге
жіберіңіз.
мынаны көрсетеді: «E0» Температура датчигінің
қатесі.
Өкілетті сервистік
орталыққа жөндеуге
жіберіңіз.
мынаны көрсетеді: «E1» Температура датчигінің
қатесі.
Өкілетті сервистік
орталыққа жөндеуге
жіберіңіз.
мынаны көрсетеді: «E3» Температураны реттеу
қатесі.
Шәйнекті өшіріп, 1 минутқа
розеткадан ажыратыңыз,
содан кейін шәйнекті
розеткаға қосывңыз және
қайтадан қосыңыз. Мәселе
қайталанса, өкілетті
сервистік орталыққа
жөндеуге жіберіңіз.
KK
Добавить комментарий