
111110
ЖЫЛЫ ҰСТАУ РЕЖИМІ
Жылы ұстау режимін суды таңдалған температурада 30 минут бойы ұстау үшін
пайдалануға болады.
Температура таңдалғаннан кейін түймесін ұзақ басу жылы ұстау режимін
белсендіреді.
логотипі экранның жоғарғы жағында көрінеді.
Сондай-ақ жылы ұстау режимін температураға жеткеннен кейін іске қосуға болады.
пернесін ұзақ басыңыз. логотипі экранның жоғарғы жағында көрінеді.
Жылы ұстау режимін өшіргіңіз келсе, бар болғаны пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Ұзақ басу қайнату бағдарламасының соңынан кейін түймені 25 секундтан азырақ
бассаңыз ғана жылы ұстау режимін белсендіреді, олай етпесе экран өшеді.
ЕСКЕРТПЕ
Экран 25 секундтан кейін автоматты түрде өшеді – тек жылы ұстау режимін
таңдамасаңыз – бірақ кез келген пернені басу экранды кез келген уақытта қайтадан
қосады.
100°C температурасын таңдасаңыз және жылы ұстау функциясын белсендірсеңіз,
шәйнек температураны 95°C-та 30 мин. бойы сақтайды.
Шәйнектегі судың температурасы сіз пернесін басқанда таңдаған температурадан
жоғарырақ болса, жылыту басталмайды.
Мысалы, су температурасы 90°C болса, сіз 40°C, 70°C немесе 80°C температурасын
таңдау арқылы жылытуды бастай алмайсыз.
Ұсынылатын температуралар:
70°C : ақ шай
80-85°C : көк шай
90°C : жаңа тартылған кофе
95°C : қара шай
100°C : қайнаған су/тұндырмалар
6. ШӘЙНЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШЕДІ:
Су қайнау нүктесіне немесе таңдалған температураға жеткенде.
•
Қолданып болғаннан кейін шәйнекте суды қалдырмаңыз.
ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР
Барлық шайлар іс жүзінде бір бұтадан (camellia sinensis) шыққанымен, олардың дәмі
мен түрі өндіру аймағына, өңдеу әдісіне (әртүрлі ферменттеу және кептіру процестері
әрі орау әдістері бар) және деңгейіне (тұтас немесе бөлінген жапырақтар, желдету
және шаң) қарай өзгеріп отырады.
–Көк шай: туралатын және ферменттелуін болдырмау үшін азғантай қуырылған оралған
кептірілген жапырақтар. 3 минут қана демделуге қалдырыңыз. Көк шайлардың азғантай
хош иісі болады, жиі ащы болады және түсі өте өңсіз болады.
–Қара шай: кептірілген және айтарлықтай кезең бойы ферменттелген ескірек
жапырақтардан жасалады. 5 минут бойы (я болмаса, түрік немесе орыс шайы үшін
ұзағырақ) демдеңіз. Күшті дәмді және тамаша мыс тәрізді түсті береді.
–Оолунг шайы: көк және қара шайлардың арасында. Аздап ферменттелген. 7 минут
бойы демдеңіз. Дәмі азырақ және қара шайдан өңсіздеу.
Пуристтер құр шайды ішкенімен, шайды құю алдында шыныаяққа салқын сүт қосуды
(үнді немесе цейлон шайына) немесе қант, содан кейін лимон қосуды (көк немесе хош
иісті шайларға) жөн көруіңіз мүмкін.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ШӘЙНЕКТІ ТАЗАЛАУ
Шәйнекті желіден ажыратыңыз.
Оны суытыңыз, сосын ылғал губкамен сүртіп алыңыз.
•
Шәйнекті, үйкекті, электрлі баусымды немесе штепсельді ешқашан суға салмаңыз:
электрлі қосылыстар да, ажыратқыш та сумен жанаспауы қажет.
•
Қажақты губкаларды қолданбаңыз.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ (4-сур.)
Алынбалы сүзгі шәйнектен құйылып жатқан сумен бірге қақ бөлшектерінің түсуінің
алдын ала отырып, оны ұстап қалатын матадан дайындалған. Бұл сүзгі судың
кермектігін азайтпайды немесе жоймайды. Осылайша ол судың барлық қасиеттерін
сақтайды. Суда әк мөлшері көп болған жағдайда, сүзгі өте тез бітеліп қалады (10-15 рет
қолданғаннан кейін). Оны жүйелі түрде тазалап тұру маңызды. Ол ылғалды болса, оны
ағып жатқан су астына қойыңыз, құрғақ болса, қылшақпен ақырын тазалаңыз. Егер қақ
кетпеген жағдайда, қақты кетіруді жүргізіңіз.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Егер су құрамында әк қоспалары көп болатын болса, онда, ең кем дегенде, айына
бір рет немесе одан да жиірек қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек. Шәйнектегі
температураны анықтауға қақ әсер етуі мүмкін.
Қақты кетіру үшін келесіні қолданыңыз:
• Жабдық дүкендерінен сатып алуға болатын ақ сірке суын пайдаланып:
–Шәйнекті ½ л ақ сірке суымен толтырыңыз,
–1 сағат бойы қыздырусыз қалдырыңыз.
• Лимон қышқылын пайдалану:
–½ л суды қайнатыңыз,
–25 г лимон қышқылын қосып, 15 минутқа қалдырыңыз.
• Шәйнектің ішіндегісін төгіңіз және 5-6 рет шайыңыз. Қажет болған жағдайда үрдісті
қайталаңыз.
Шәйнек қағын түсіру үшін:
Сүзгіні ақ сірке суына немесе лимон қышқылының ерітіндісіне салыңыз.
•
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.
KK
Добавить комментарий