
18
Автоматты су беруді қосу үшін түймесін басыңыз, «Автоматическая подача воды
включена» деген дыбыстық хабарлама естіледі, түймесін индикаторы және жұмыс
индикаторы жыпылықтайды, құрылғы қозғалыс бағытында белгілі бір аралықта су береді.
Автоматты су беруді өшіру үшін түймесін қайта басыңыз, «Автоматическая подача
воды выключена» деген дыбыстық хабарлама естіледі, түймесін индикаторы және
жұмыс индикаторы үздіксіз жанады.
Суды қолмен беру үшін түймесін басыңыз, түймені басқан сайын құрылғы қозғалыс
бағытына қарай аз мөлшерде су ағызады, «Включение подачи воды» деген дыбыстық
хабарлама естіледі.
Қозғалысты тоқтату үшін OK батырмасын басыңыз.
Қабатта автоматты ұстап тұру жүйесі
Аспап қоректену болмаған кезде қабатта автоматты ұстап тұру қызметімен жабдықталған.
Жұмыс барысында электр желісінен ажыратылған жағдайда, батарея толық зарядталса,
аспап тік бетінде 40 минут бойы ұсталады. Бұл ретте корпусының үстіңгі бөлігінде қызыл
индикатор жыпылықтайды және аспаптан дыбыстық сигналдар естіледі. Аспапты ұстап
тұрып, батырмасын басыңыз, оны қабаттан абайлап шешіп алыңыз.
Егер аспап қиын қолжетімді аймақта (мысалы, өте жоғары) тоқтап қалса, оны абайлап
сақтандыру арқанынан тартыңыз. Құлап кетуді болдырмас үшін, арқанды аспап орна-
ласқан қабатқа параллель ұстауға тырысыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Беттегі автоматты ұстап қалу уақыты батарея зарядының
деңгейіне тікелей байланысты.
REDMOND Home қосымшасы арқылы құрылғыны қашықтан басқару
REDMOND Home қосымшасы смартфон немесе планшет арқылы құрылғыны қашықтан
жақын жерде бақылауға мүмкіндік береді.
Қосмшаға қосылу үшін аспап Wi-Fi (2,4 ГГц) желісінң әрекет ету аймағында болуы тиіс.
Шаңсорғыш зарядтау станциясында болмауы керек.
1.
Өзіңіздің смартфон немесе планшетінізге REDMOND Home қосымшасын App Store
немесе Google Play қосымша магазиндерінен жүктеуге болады (пайдаланылатын
құрылғының операциялық жүйесіне байланысты).
Минималды қолдалатын операциялық жүйені компанияның www.redmond.company ресми
сайтында немесе App Store және Google Play дүкендеріндегі қосымшаның сипаттамасынан
анықтаңыз.
2.
REDMOND Home қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және экрандағы
көмекші сөздерді орындап отырыңыз.
3. O/I қуат көзін ауыстырып қосқышты I қалпына ауыстырыңыз, аспап қосылады, түй-
мешігінің индикаторы түсін көкке өзгертеді, «Вас приветствует робот-окномой РЕД-
МОНД: при очистке окон не забудьте закрепить страховочный трос» деген дыбыстық
хабарлама естіледі.
4. Байланыс орнату үшін түймешігін үш рет жылдам басыңыз, «Переустановите соеди-
нение с сетью» деген дауыстық хабарлама шығады.
5. Құрылғыны қосу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы «+» белгішесін түртіңіз.
6.
Егер құрылғы автоматты түрде қосылмаса, оны қолмен таңдаңыз («REDMOND W2401S»).
7. Сәтті байланыс болған жағдайда құрылғы қол жетімді құрылғылар тізімінде пайда
болады.
Енді сіз аспапты қашықтықтан басқара аласыз.
III. АСПАПТЫҢ КҮТІМІ
Құралды тазалауға кіріспес бұрын, оның электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Аспаптың корпусын жұмсақ шүберекпен сүртіп шығыңыз. СУЛАМАҢЫЗ!
Аспаптың корпусын, желілік адаптерді, желілік сымды және желілік сымның ұзартқышын
судың астына және суға салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Құралды тазалау барысында қатты сулықтарды немесе ысқыштарды, абразивті паста-
ларды пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Шешілетін дөңгелектер мен моптар ағынды суда тазартыла алады. Керек болған жағдайда
жұмсақ жуғыш заттарды қолданыңыз.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
I V. СЕРВИС-ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақаулық Мүмкін болатын себептері Жою әдістері
Қосылған кезде түймешігінің
индикаторы қызғылт сары болып
жанады
Аспап аккумуляторының заряды тау-
сылды Аспапты электр желісіне қосыңыз және
толық зарядтаңыз
Аспапаккумулятор зарядталмайды
Электр желісінде кернеу жоқ немесе
резетке бұзылған
Электр желісіндегі кернеуді тексеріңіз
және аспапты бұзылмаған резеткеге
қосыңыз
«Подключите кабель питания»
деген дыбыстық хабарлама
естіледі, қате индикаторы жы-
пылықтайды Аспап электр желісіне қосылмаған Аспапты электр желісіне қосыңыз
Аспап тоқтап, дыбыстық сигнал
береді, қате индикаторы жы-
пылықтайды
Қабатта ақаулар немесе кедірбұдыр
жерлер бар Аспапты ақаусыз тегіс қабатта ғана қол-
даныңыз.
Добавить комментарий