
16
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетілдіру ба-
рысында оның дизайны, жинағы, сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамала-
рына өзгеріс енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол беріледі.
Моделінің қондырғысы (A1 сурет, 4 бет)
1. батырмасы – жұмыстың басталуы/аяқталуы
2. Аспаптың корпусы
3. Бүріккіштер
4. Моптар ұстағышы
5. Дөңгелектер
6. Түбіндегі жұмыс индикаторы
7. Түбіндегі қате индикаторы
8. Ауа қабылдау
9. Ауыстырып қосқыш O/I
10. Су резервуарының клапаны
11. Желілік сым
12. Желілік адаптердің ұзартқышы
13. Қуат кабелі
14. Карабины бар сақтандыру арқаны
15. Микрофибрадан жасалған моптар
16. Желілік адаптер
17. Желілік адаптер индикаторы
18. Флакон қақпағының қалпақшасы
19. Флакон қақпағы
20. Су резервуарын толтыруға арналған флакон
21. Қашықтықтан басқару құралы
22. Қоректену элементіне арналған бөлім
23. Жұмыс режимін таңдау батырмалары
24. Қозғалыс бағытын таңдау батырмалары
25. OK батырмасы – жұмыстың басталуы/аяқталуы
26. батырмасы – автоматты су беру (AutoSpray функциясы)
27. батырмасы – қолмен су беру
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырма-
ларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Аспаптың корпусын және шешілетін дөңгелектерді ылғыл шөберекпен сүртіңіз. Электрмен
қоректендіру желісіне қосар алдында аспаптың барлық элементтерін жақсылап кептіріңіз.
Аспапты қолданар алдында аккумуляторды толығымен зарядтаған дұрыс. Желі адаптерінің
сымы мен желі адаптерінің ұзартқышы сенімді бекітілуі үшін бұрандалы бекіткіштермен
жабдықталған: аспапты A2 (5 бет) сұлбасында көрсетілген тәртіпте құрастырып, бекіт-
кіштерді сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз.
Батарея зарядталып жатқанда түймешігінің индикаторы қызғылт сары жанады. Аккуму-
лятордың толық зарядталу уақыты 3,5 сағат. Аккумулятор толық зарядталған кезде инди-
катор жасыл түске ауысады, аспап пайдалануға дайын.
Қоректену элементі (жиынтыққа кірмейді) кереғарлықты сақтаумен, арақашықтықтан
басқару пультіне дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз. Керек болған жағдайда қорек-
тену элементін орнатыңыз.
Қоректендіру элементтерін орнату кезінде қолдарыңыз және құрылғы құрғақ болуы
тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеткізу кешеніне кіретін қуат көзінің элементі бұйымның жұмыс
қабілеттілігін тексеруге ғана арналған. Аспаптың үздіксіз жұмысы үшін жаңа қуат
көзінің элементін сатып алу ұсынылады.
Моптар ұстағышы корпусқа тығыз, бос орындарсыз орнатылуы керек. Оларды орнату
тәртібі A4 (7 бет)схемасында көрсетілген. Ұстағыштағы құлақшаларды құрылғының
корпусындағы ойықтармен туралаңыз және ұстағышты сырт еткенше басыңыз..
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспап қалыңдығы 3 мм басталатын шыныларды, айналарды, кафельдік плиталарды және
қабырғаларды арналған.
Аспапты жақтаусыз шыныларға, жарықтары немесе басқа да ақаулары бар қабаттарға
пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тазаланылатын қабат астындағы кеңістік аспаптың байқаусыз құлап кетуі салдарынан
зақымдануы мүмкін заттардан бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Су ыдысын толтыру (A3 сурет, 6 бет)
1. Флаконның қақпағын бұрап, оны суға толтырыңыз. Қақпақты мықтап жабыңыз.
Контейнерді тек таза, суық суға толтырыңыз, дозаторлардың бітелуін болдырмау үшін
суға химиялық жуғыш құрал қоспаңыз немесе қолданбаңыз.
2. Аспапты төңкеріңіз және су резервуарының клапанын ашыңыз.
Добавить комментарий