
W2400
17
KAZ
4.
Су резервуарының клапанын жауып, алынбалы сақинасын үстіңгі ұстағышқа орнатыңыз.
Аспап пайдалануға дайын.
Аспабын пайдалану (A5 сурет, 7 бет)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты пайдаланар алдында міндетті түрде оны сақтандыру
арқанының көмегімен бөлменің ішіндегі тұрақты жылжымайтын объектіге бекітіңіз.
1. Аспапты электр желіге қосыңыз, дыбыстық сигнал естіледі, аспаптың барлық индика-
торы біраз уақыт жанады, содан кейін заряд деңгейінің индикаторынан басқа барлық
индикатор сөнеді. Қуат адаптерінің шамы жанады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап электр желісіне қосылған жағдайда ғана жұмыс істейді!
Қоректену сымы мен ұзартқыштың майыспауын және айналмауын қадағалаңыз. Сымның
ұзындығы шектеулі екендігін есте сақтаңыз және керек болған жағдайда ұзартқышты
қолданыңыз.
2.
батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз, екі дыбыстық сигнал естіледі, аспап
қосылады, жұмыс индикаторлары жиі жыпылықтайды.
3. Аспапты шыныға жақтаудан 10 см немесе басқа қабатқа орнатыңыз. Аспапты верти-
калдық қабатта пайдаланған кезде, оны жіберместен бұрын аспаптың сенімді тұрға-
нына көз жеткізіңіз.
Қажет болған жағдайда, осындай бетте пайдалануға жарайтын жуғыш заттың неме-
се спрейдің шағын мөлшерін моптарға немесе тазаланатын телімге жағыңыз. Суламаңыз!
Егер беті немесе моп тым дымқыл болса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
СУЛАМАҢЫЗ! Егер беті немесе моп тым дымқыл болса, аспап дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
4. Жұмыс индикаторларының жыпылықтау жиілігі азайған кезде аспаптың корпусында
түймесін немесе қашықтан басқару пультіндегі түймесін басыңыз. Аспаптан
дыбыстық сигнал естіледі де, ол автоматты тәртіптемедегі жұмысын бастайды, AutoSpray
функциясы қосылады («Қашықтықтан басқару пульттін қолданыңыз» бөлімін қараңыз).
Жұмыс істеп тұрған кезде үзіліс тәртіптемесін қосу/сөндіру үшін аспаптың корпусын-
да түймесін немесе қашықтан басқару пультіндегі түймесін басыңыз.
5.
Жұмысы аяқталған соң аспап дыбыстық сигнал береді: бір ұзын және екі қысқа сигнал.
Аспапты тұтқасынан ұстап тұрып, батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз, ас-
паптың сөнуін күтіңіз және оны абайлап жуылатын қабаттан шешіп алыңыз.
Егер дымқыл жиыстырудан кейін шыныда дақтар қалатын болса, оларды жою үшін
бетті құрғақ моптар пайдалана отырып қолмен немесе аспаптың көмегімен 1–2 рет
сүртіңіз.
6. Су резервуарының клапанын ашып, қалған сұйықтықты төгіңіз.
Әкті түзілімдер алдын алу үшін резервуарында су қалдырмаңыз.
Индикациясы
Аспаптың үстіңгі бөлігінде аспаптың жұмыс істеп тұрғанын көрсетіп тұратын 3 индикатор
орналасқан:
• жұмыс индикаторы (көк түс) – штаттық жұмыс жасау;
• заряд деңгейінің индикаторы: қызғылт сары түс – аккумулятор толығымен зарядтал-
ды немесе батарея зарядталып жатыр; жасыл түс – батарея толығымен зарядталған;
• қате индикаторы (қызыл түс) – қате кезінде жыпылықтайды.
Аспап терезенің қай жағында тұрғанына қарамастан сіз оның жұмысын бақылай алуыңыз
үшін, штаттық жұмыс істеу тәртіптемесі мен қателік индикаторлары түбінде қайталанған:
көк индикатор штаттық жұмыс кезінде жанады, қызыл индикатор қателік кезінде жы-
пылықтайды.
Қашықтықтан басқару пульттін қолданыңыз
Сіз сонымен қатар аспапты қашықтықтан басқару пульті арқылы басқара аласыз. Аспапты
қосу үшін түймесін басып ұстап тұрыңыз да, аспапты тазаланатын бетке қойыңыз.
• түймесін басқан жағдайда аспаптың автоматты тәртіптемедегі жұмысы іске қосы-
лады.
•
Аспапты қолмен басқару үшін , , , түймелерін басыңыз — аспап көрсетілген
бағытқа қарай қозғалады.
• Берілген траекториямен қозғалуды қосу үшін келесі түймелердің бірін басыңыз:
Автоматты тәртіптеме. Жоғарыға, оңға,
төменге қарай қозғалу
Солға және төменге қозғалу
Оңға және төмен қозғалу
Автоматты су беруді қосу үшін түймесін басыңыз, екі қысқа дыбыстық сигнал естіледі,
жұмыс индикаторы жыпылықтайды және аспап белгілі бір аралықта моптарға су береді.
Автоматты су беруді өшіру үшін түймесін қайта басыңыз, бір қысқа дыбыстық сигнал
естіледі, жұмыс индикаторы үздіксіз жанады.
Суды қолмен беру үшін түймесін басыңыз, аспап түймені басқан сайын моптарға аз
мөлшерде су береді.
Қозғалысты тоқтату үшін батырмасын басыңыз.
Қабатта автоматты ұстап тұру жүйесі
Аспап қоректену болмаған кезде қабатта автоматты ұстап тұру қызметімен жабдықталған.
Жұмыс барысында электр желісінен ажыратылған жағдайда, батарея толық зарядталса,
Добавить комментарий