
16
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетілдіру ба-
рысында оның дизайны, жинағы, сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамала-
рына өзгеріс енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол беріледі.
Моделінің қондырғысы (A1 сурет, 4 бет)
1. Карабины бар сақтандыру арқаны
2. Моптарға арналған шешілетін дөңгелектер
3. Микрофибрадан жасалған моптар
4. Аспаптың корпусы
5. Корпустың жоғарғы жағындағы жұмыс индикаторы
6. Корпустың жоғарғы жағындағы қате индикаторы
7. Аккумулятор зарядының индикаторы
8. батырмасы – құралды қосу/ажырату, жұмыстың басталуы/аяқталуы
9. Сақтандыру арқанын бекітуге арналған саңылау
10. Желілік адаптердің ұзартқышы
11. Су резервуарының клапаны
12. Шешілетін дөңгелектерді ұстағыштар
13. Түбіндегі жұмыс индикаторы
14. Түбіндегі қате индикаторы
15. Желілік сым
16. Желілік адаптер
17. Желілік адаптер индикаторы
18. Флакон қақпағының қалпақшасы
19. Флакон қақпағы
20. Су резервуарын толтыруға арналған флакон
21. Қашықтықтан басқару құралы
22. Қоректену элементіне арналған бөлім
23. Жұмыс режимін таңдау батырмалары
24. Қозғалыс бағытын таңдау батырмалары
25. батырмасы – жұмыстың басталуы/аяқталуы
26. батырмасы – автоматты су беру (AutoSpray функциясы)
27. батырмасы – қолмен су беру
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырма-
ларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Аспаптың корпусын және шешілетін дөңгелектерді ылғыл шөберекпен сүртіңіз. Электрмен
қоректендіру желісіне қосар алдында аспаптың барлық элементтерін жақсылап кептіріңіз.
Аспапты қолданар алдында аккумуляторды толығымен зарядтаған дұрыс. Желі адаптерінің
сымы мен желі адаптерінің ұзартқышы сенімді бекітілуі үшін бұрандалы бекіткіштермен
жабдықталған: аспапты A2 сұлбасында көрсетілген тәртіпте құрастырып
A2
(5 бет),
бекіткіштерді сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз. Аккумулятор толық за-
рядталған кезде индикатор жасыл түске ауысады, аспап пайдалануға дайын.
Қоректену элементі (жиынтыққа кіреді) кереғарлықты сақтаумен, арақашықтықтан басқа-
ру пультіне дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз. Керек болған жағдайда қоректену
элементін орнатыңыз.
Қоректендіру элементтерін орнату кезінде қолдарыңыз және құрылғы құрғақ болуы
тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеткізу кешеніне кіретін қуат көзінің элементі бұйымның жұмыс
қабілеттілігін тексеруге ғана арналған. Аспаптың үздіксіз жұмысы үшін жаңа қуат
көзінің элементін сатып алу ұсынылады.
Моптарға арналған шешілетін дөңгелектер саңылаусыз, ұстағыштарға тығыз орнатылуы
керек. Оларды орнату тәртібі A4 (7 бет)схемасында көрсетілген. Шешілетін дөңгелектер-
дегі дөңес жерлерді жіктермен сәйкестендіріңіз және шешілетін дөңгелекті шертпек
естілгенге дейін басыңыз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспап қалыңдығы 3 мм басталатын шыныларды, айналарды, кафельдік плиталарды және
қабырғаларды арналған.
Аспапты жақтаусыз шыныларға, жарықтары немесе басқа да ақаулары бар қабаттарға
пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тазаланылатын қабат астындағы кеңістік аспаптың байқаусыз құлап кетуі салдарынан
зақымдануы мүмкін заттардан бос екендігіне көз жеткізіңіз.
Су ыдысын толтыру (A3 сурет, 6 бет)
1. Флаконның қақпағын бұрап, оны суға толтырыңыз. Қақпақты мықтап жабыңыз.
Контейнерді тек таза, суық суға толтырыңыз, дозаторлардың бітелуін болдырмау үшін
суға химиялық жуғыш құрал қоспаңыз немесе қолданбаңыз.
2.
Аспапты төңкеріңіз, сақинаны үстіңгі ұстағыштан алыңыз және су резервуарының
клапанын ашыңыз.
3. Флакон қақпағының қалпақшасын алып, су резервуарын толтырыңыз.
Добавить комментарий