
26
Ішкі алмалы қақпақтың тазартылуы
Ішкі алмалы қақпақты және тығыздаушы резеңкені құралды әрбір пайдаланғаннан кейін
тазарту керек. Қақпақты су ағының астында жуыңыз, жұмсақ жуу құралын пайдалануға
болады. Тазарту тәртібі A3 (6 бетінде) көрсетілген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тығыздаушы резеңкені тазарту кезінде абай болыңыз: оның дефор-
мациясы құралдың істен шығуына әкеліп соғады.
Алмалы-салмалы ішкі қақпақты ыдыс жуатын машинада тазартпаңыз.
Алмалы-салмалы бу қақпағын тазарту
Алмалы-салмалы бу қақпағын әр қолданған сайын тазартыңдар.
1.
Ішкі қақпағын алып тастаңдар, сосын оны, бу қақпағын жоғары қарай тартып шығарыңдар.
2. Қақпақты су ағынымен жуып тазартыңдар. Жинар алдында мұқият кептіріңдер.
3. Бу қақпағын сол жерге орнатыңыз.
Табаны тазалау
Құрылғының ыдысын әр қолданған сайын тазарту қажет. Сіз табаны жұмсақ губка мен
ыдысты жуу құралын пайдаланып, қолмен де, ыдыс жуатын машинада да тазалай аласыз
(өндіруші кеңестеріне сәйкес).
Қатты кірлегенде табаға жылы су құйып, біраз уақыт жібітіп қойыңыз, одан кейін тазалап
шығыңыз. Табаны мультипісіргіш корпусына қоюдың алдында сыртқы бетін міндетті түрде
кептіріп сүртіңіз.
Табаны үнемі пайдаланғанда оның жабындысының түсі толық немесе жартылай өзгеруі
мүмкін. Бұл өзімен өзі таба ақауының белгісі болып табылмайды.
Конденсатты жою
Осы үлгіде конденсат тостаған айналасында аспап корпусының арнайы қуысында жинақта-
лады және аспаптың артқы бөлігінде орналасқан арнайы контейнерге ағады.
1.
Қақпағын ашыңыз, ыдысты алып шығыңыз. Қажет болса конденсат контейнерге толық
ағуы үшін мультипісіргіштің алдыңғы жағын сәл көтеріңіз.
2. Шығыңқы жерін өзіңізге қарай тарта отырып контейнерді алыңыз.
3.
Конденсатты төгіп тастаңыз. Жоғарыда аталған ережелерді сақтай отырып контейнерді
жуып, орнына қойыңыз.
4.
Ыдыстың айналасындағы қуыста қалған конденсатты ас үй сүлгісінің көмегімен сүртіңіз.
Конденсатты әр қолданғаннан кейін алып тастау керек.
Жұмыс камерасын тазалау
Осы нұсқаулықтың нұсқаулары қатаң ұстанғанда сұйықтық, ас бөліктері немесе қоқыстың
аспаптың жұмыс камерасының ішіне түсу мүмкіндігі аз.
Егер қаты ластанса, аспаптың қате жұмысынан немесе аспап бұзылуынан бас тарту үшін
жұмыс камерасының беттерін тазалау керек.
Жұмыс камерасының бүйірлік қабырғаларын, қыздыру дискісі бетін және орталық тер-
моқадаға қабығын (қыздыру дискісінің ортасында орналасқан) ылғал (су емес) губкамен
немесе майлықпен тазалауға болады.
Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, кейін ас әзірлегенде керексіз иісті болдырмау үшін
оның қалдықтарын мұқият кетіру керек.
Бөтен заттар орталық термоқадаға айналасындағы қуысқа түскенде оларды қадаға қа-
бығына баспай, пинцетпен мұқият алып тастаңыз. Қыздыру дискісінің беті кірлегенде ылғал
орташа қатты губканы немесе синтетикалық ыскерамикалықты пайдалануға болады.
Аспапты үнемі пайдаланғанда қыздыру дискісінің түсі уақыт өте келе толық немесе
жартылай өзгеруі мүмкін. Бұл өзімен өзі құрылғы ақауының белгісі болып табылмайды
және оның дұрыс жұмысына әсер етпейді.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.
V. СЕРВИС-ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР АЛДЫНДА
Ақау Ықтимал себептері Жою әдісі
Дисплейде келесі қате
туралы хабарлама туын-
дады: Е*, аспап 6 қысқа
дыбыстық сигнал береді
Жүйелік қате, басқару платасы немесе қыздыру
элементі істен шығуы мүмкін
Аспапты элеткр желісінен ажыра-
тыңыз және суытыңыз.
Қақпағын тығыз жауып, аспапты
электр желісіне қайта қосыңыз
Дисплейде келесі қате
туралы хабарлама туын-
дады: Е2 Қызып кетуден автоматты қорғаныс іске қосылған
Табағы бос аспапты қоспаңыз! Аспап-
ты электр желісінен ажыратып,
қақпақты ашып, 10–15 минут бойы
суытып, одан кейін дайындауды
жалғастырыңыз
"ЖАРКА/ФРИТЮР" бағдарламасының
жұмысы кезінде тостағанға су
қоспаңыз
120°С жоғары температураны орнату
кезінде "ЖАРКА/ФРИТЮР" бағдарла-
масында ашық қақпақпен пісіріңіз
Дисплейде келесі қате
туралы хабарлама туын-
дады: Е3 Құралдың қақпағы ашық Қақпағын тығыз жауып
Дисплейде келесі қате
туралы хабарлама туын-
дады: Е4
Мультипісіргіш режимі бағдарламасының бірі іске
қосылды, бу шығару қақпақшасы жылдам пісіргіш
режимінде жұмыс істеуге арналған
Жоғары қарай бу шығару қақпақшасы
қақпағын ақырын шешіңіз және тар-
тыңыз
Добавить комментарий