
20
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландырусыз өз өнімдерін жетілдіру
барысында дизайнға, жинақталуға, сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттама-
ларына өзгерістер енгізуге құқылы. Техникалық сипаттамаларда ±10% қателікке жол
беріледі.
Құрылғысы (A1 сурет, 4 бет)
1. Қақпақ
2. Қақпақты ашу басқышы
3. Шешілмелі бу клапаны
4. Табақ
5. Аспап корпусы
6. Конденсатты жинауға арналған контейнер
7. Дисплейі бар басқару панелі
8. Буда әзірлеуге арналған контейнер
9. Өлшеу стақаны
10. Ожау
11. Жалпақ қасық
12. Электр қоректену бауы
Басқару тақтасы (A2 сурет, 5 бет)
1. Стартты шегеру индикаторы
2. Автожылыту/жылыту режимінің индикаторы
3. Дисплей
4. Дыбыс сигналдарын өшіру индикаторы
5. Басқару панелін бұғаттау индикаторы
6. Бағдарламаны орындау индикаторлары
7. батырмасы — стартты шегеру индикаторы
8. батырмасы — ысыту функциясын қосу/өшіру, әзірлеу бағдарламасының жұмысын
тоқтату, жасалған теңшелімдерді алып тастау
9. батырмасы — дайындау бағдарламасын таңдау «МУЛЬТИПОВАР»
10. батырмасы — әзірлеу уақытын мәнін орнату
11. батырмасы — әзірлеу температура мәнін орнату
12.
батырмасы — автоматты бағдарламаны таңдау, параметрдің мәнін азайту; дыбыстық
сигналдарды сөндіру
13.
батырмасы — енгізілген әзірлеу бағдарламасын қосу, автоысыту функциясын алдын
ала өшіру
14. батырмасы — автоматты бағдарламаны таңдау, параметрдің мәнін арттыру; басқа-
ру панелін құрсаулау
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында кем
дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды сумен жуыңыз. Мұқият
кептіріңіз. Бірінші рет пайдаланылғанда бөтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл аспап ақауының
салдары болып табылмайды. Бұл жағдайда аспапты тазалаңыз.
Аспапты бу клапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті жабындылар, электрондық
аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттарға
немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз. Әзірлеудің
алдында мультипісіргіштің және тостаған сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөліктерінде
зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру камерасының
түбі арасында бөтен заттар болмауы керек.
Аспапты ішіне тостағансыз немесе бос тостағанмен жақпаңыз — тамақ дайындау бағдар-
ламасын абайсыздан қосқан кезде бұл аспаптың сыни қызуына немесе антикүйгіш жабын-
дының зақымдануына әкеліп соқтырады. Тағамды қуыру алдында, ыдысқа көкөніс немесе
күнбағыс майын құйыңыз.
МАҢЫЗДЫ! Аспапты қақпақтағы тұтқадан ұстап көтермеңіз!
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Дыбыс белгілерін ажырату
Сіз дыбыстық дабылдарды аспаптың кез келген режимінде қоса/өшіре аласыз, тек бағдар-
лама баптауын стартқа дейін қосылудан басқа. Ол үшін барлық режимде, тек бағдарлама-
ны баптау режимінен басқа, батырмасын бірнеше секунд басып, ұстап тұрыңыз,
индикаторы жанады.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру батырмасын бірнеше секунд бойы басып және ұстап
тұрыңыз. Аспаптан дыбыстық сигнал естіледі де, индикаторы сөнеді.
Басқару панелін құрсаулау
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылғыда басқару панелін құрсаулау функ-
циясы қарастырылған. Ол функция түймелердің кездейсоқ басылып кетуінің алдын алады.
Іске бағдраламаны баптаудан басқа кез-келген тәртіптемеде басқару панелінің бұғаттауын
сөндіру үшін батырмасын басып, ұстап тұрыңыз, индикаторы жанады.
Бұғаттауды шешу үшін батырмасын басып, ұстап тұрыңыз, индикаторы сөнеді.
Добавить комментарий