
RFP-3909
27
KAZ
Өңдеудің барынша ұзақ уақыты — 30 секунд. Қайта өңдеу
алдында 5 минуттан кем емес үзіліс жасаңыз. Қатарынан
5 рет қосудан кейін құрал 15 минут ішінде толық сууы қажет.
Цитрус тұқымдастарына арналған шырын сыққышты
қолдану
Құралды құрастыру және пайдалану ретін тиісті сызбалардан
A5 қараңыз (8 бет).
Шырын сыққыш түпқоймасын тостағанға тығыз орнатып, сағат
тілімен түпқойма тұтқасы астындағы дөңес тостаған тұтқасын-
дағы саңылаумен сәйкес келгендей етіп бұраңыз. Шырын
сыққыштың жұмыс бөлігін түпқоймадағы айналу механизміне
тірелгенше дейін орнатыңыз.
Құрал жұмыс істеген кезде, цитрустың өңделетін жартысын
шырын сыққыштың айналатын бастиегінде абайлап ұстаңыз.
Шырын сыққыш түпқоймасын жиналған балдырдан дүр-
кін-дүркін тазалап отырыңыз.
Блендер тостағанын қолдану
Құралды құрастыру және пайдалану ретін тиісті сызбалардан
A6 қараңыз (9 бет).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Іске қосар алдында блендер тостағаны-
на қақпақ орнатылғанына көз жеткізіңіз, ал азық-түлік бе-
руге арналған тесік қақпақпен жабылған.
Қатты ингредиенттерді 3–4 см өлшемге кесектеп алдын ала
тураңыз.
Қатты ингредиенттерді тек қана сұйықтықтың жеткілік-
ті мөлшерін қосып араластыруға болады. Сонымен қатар
ұнтақ түрдегі өнімдерді сұйықтық қосып немесе алдын ала
онда ерітіп араластыру қажет.
Ингредиенттерді қосу қажеттілігі жағдайында құрал жұмысын
тоқтатып, бітеуішті алып тастаңыз. Ингредиенттерді қақпақтағы
саңылау арқылы салыңыз, жұмысты жалғастырар алдында бі-
теуішті қайта орнатыңыз.
Аспаптың жүктемемен бірге үздіксіз жұмыс уақыты 2–3 ми-
нут аспауы тиіс. Қосылулар арасындағы ұсынылатын үзіліс
— 10минут.
Қорғаныс жүйелері
•
Құрылғы қызып кету жағдайында автоматты өшіру жүй-
есімен жабдықталған. Егер жұмыс кезінде қозғалтқыш ке-
неттен тоқтап қалса, құрылғыны қуат көзінен ажыратып,
30мин бойы сууға мүмкіндік беріңіз. Электр көзіне қо-
сылғаннан кейін құрылғы жұмысқа дайын болады.
• Құрал қозғалтқышты блокадалаудың қорғаныс жүйесімен
жабдықталған. Егер саптамалар құралға теріс орнатылса,
қозғалтқыш жұмыс істемейді. Аспап қосылмайтын болса,
аспапты электр желісінен ажыратып, құрастырудың дұры-
стығын тексеріңіз: аспаптың барлық элементтері тірелген-
ше жақсылап орнатылуы тиіс.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Аспаптың әр-түрлі бөлшектерін тазалаудың ұсынылған әдістері
A7 кестесінде (10 бет) келтірілген.
Добавить комментарий