
26
11.
Аспаппен импульстік тәртіптемеде жұмыс жасау үшін жыл-
дамдық реттегішті «Р» қалпына келтіріп, 1–2 секунд үзілі-
стермен 3–5 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Қозғалтқыш
ең жоғары жылдамдықта жұмыс істейді. Бұл тәртіптеме
азық-түлікті өңдеу үдерісін жақсырақ бақылауға мүмкіндік
береді.
Эмульгируялық пышақпен және қамырға арналған пышақпен,
үккішпен (майдалап турағышпен) және цитрустықтарға
арналған шырынсыққышпен жұмыс істегенде импульстік
режимді пайдаланбаңыз.
12.
Азық-түлікті итергішті пайдалана отырып, табаққа өнімдер
беруге арналған саңылау арқылы салыңыз.
Азық-түлікті жарақат алмау немесе аспапты сындырмау үшін
басқа заттармен немесе қолмен итеруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Ауыстырмалы пышақтарды пайдалану
Құралды құрастыру және пайдалану ретін тиісті сызбалардан
A2 қараңыз (5 бет).
S-тәрізді пышақты орнатқан кезде және алып тастаған
кезде аса абай болыңыз. Жүздері өте өткір!
Ұсақтағышпен жұмыс істегенде тағамдарды өлшемдері 3–4 см
кесектерге алдын ала кесіңіз.
Өңдеудің барынша ұзақ уақыты — 1 минут. Қайта өңдеу ал-
дында 3 минуттан кем емес үзіліс жасаңыз. Қатарынан 5 рет
қосудан кейін құрал 15 минут ішінде толық сууы қажет.
Ауыстырмалы саптамаларды қолдану
Құралды құрастыру және пайдалану ретін тиісті сызбалардан
A3 қараңыз (6 бет).
Майдалап турау саптамасын орнатқан кезде айтарлықтай
абай болыңыз. Жүзі өте өткір!
Тағамдарды ыдысқа тағамдар салынатын тесік арқылы тиеңіз,
ірі ингредиенттерді, олар тағамдарды салуға арналған тесікке
толығымен сиятындай етіп, бірнеше бөлікке тіліңіз.
Итергішке сәл басып, тағамдарды итермелеңіз, аса артық
күш салмаңыз — бұл артық жүктелуге және алмалы төлкенің
сынуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайларда алмалы төлкенің
сынуы кепілдікті жағдай болып табылмайды.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Жарақат алып қалмау үшін немесе ас-
папты бүлдіріп алмау үшін тағамдарды басқа заттың көме-
гімен немесе қолмен итеруге болмайды!
Өңдеудің барынша ұзақ уақыты — 1 минут. Қайта өңдеу ал-
дында 3 минуттан кем емес үзіліс жасаңыз. Қатарынан 5 рет
қосудан кейін құрал 15 минут ішінде толық сууы қажет.
Кофе ұнтақтағышты қолдану
Құралды құрастыру және пайдалану ретін тиісті сызбалардан
A4 қараңыз (7 бет).
Кофе ұнтақтағыштың шыны сауытын 1/3-ке дәндермен толты-
рыңыз.
Жылдамдық реттегішін «Р» қалпына ауыстырып 10–20 секунд
бойы, кофені өңдеңіз.
Добавить комментарий