
18
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған
соң аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме
температурасында ұстау керек.
Электр сымын толығымен тарқатыңыз. Құралдың корпусын
ылғалды матамен сүртіңіз де құрғатыңыз. Шешілмелі бөл-
шектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық элемент-
терін электр желіге қосар алдында мұқият кептіріңіз
Әзірлеудің алдында құралдың сыртқы және көзге көрінетін
ішкі бөліктерінде зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына
көз жеткізіңіз. Бірінші рет қосқан кезде бөгде иіс пайда болуы
мүмкін.
Техникалық қорғаныс майын жою үшін пайдаланар алды-
рда құралды 30-40 минутқа өнімсіз қосу керек, содан кей-
ін оны толық тазарту керек.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
1.
Кептіруге арналған азықтарды дайындаңыз және ту-
раңыз.
Кептірген кезде жемістер өз түсін тым өзгертпеуі үшін,
туралған тілімдері бірнеше минутқа лимон немесе ананас
шырынына салыңыз. Немесе әзірленетін жеміске сәйкес
(мысалы, алмалар үшін – алма) шырынын (табиғи болғаны
жөн) екі стақан сумен араластырыңыз және оның ішіне
алдын ала дайындалған жемістерді 2 минутқа салыңыз.
2. Құралды тегіс қатты құрғақ көлденең бетке, жылу көз-
дерінен алыс, құралға су түсуі мүмкін жарларден алыс
жерге орналастырыңыз. Орнатқан кезде жанында әше-
кей жабындылар, жоғары температурадан зақымдануы
мүмкін электронды жабдықтардың және басқа заттар-
дың болмауын қадағалаңыз.
3. Өнімдерді түпқоймаларға тегіс қабатпен жайыңыз. Ауа-
ның қалыпты айналымын қамтамасыз ету үшін өнімдер
бір-біріне тимеуін қадағалаңыз.
Өнімді жайған кезде мынаған мұқият болыңыз: қыздыру
элементінің қорғаныс дискіне тағам қалдықтарының
түсуі, бұл қатты қызуға және жануға әкелуі мүмкін.
4. Түпқоймаларды A3.1, бет 5 кестесінде көрсетілгендей,
бір-біріне орнатыңыз. Түпқоймалардың арасындағы ара-
қашықтықты үлкейту керек болса, оларды
A3.2
, бет
5кестесінде көрсетілгендей, орналастырыңыз.
5.
Пастила және шөптерді дайындау үшін аспап жиынтығы-
на кіретін тиісті түпқоймаларды пайдаланыңыздар. Олар-
ды, A4 сызбада, 5-бет көрсетілгендей, орнатыңыздар.
Жоғары түпқоймалар үшін кептіру уақыты көбірек болады.
Бір ғана түпқойманы салу керек болса да үш түпқоймадан
кем болмайтын түпқоймалар санын орнату қажет.
6. Құралдың қақпағын жабыңыз.
7.
Құралды электр желісіне қосыңыз. Дыбыстық сигнал
шығады, дисплей жанады. Дисплейде «0000» көрсетіледі.
Құрылғы күту режимінде.
8.
Құрылғыны қосу үшін батырмасын басыңыз. Дисплей-
де әдепкі кептіру уақыты (10:00) және температурасы
(70°C) кезектесіп көрсетіледі.
2 минут бойы әрекетсіздік кезінде құрылғы автоматты
түрде күту режиміне өтеді.
Добавить комментарий