
6
Абай болыңыз: өрт қауіпі
Егер салқындату тізбегі зақымдалған болса:
- Ашық от және тұтану көздерінен аулақ ұстаңыз.
- Мұздатқыш орналасқан жайды жақсылап желдетіңіз. Кез келген түрлендіру
немесе аспаптың спецификациясын кез келген өзгерту қауіп төндіруі мүмкін.
- Қуат баусымын кез келген зақымдау қысқа тұйықталуды, өртті және /немесе
тоқтың соғуын тудыруы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
1. Қуат баусымының зақымдалмағанына немесе жаншылмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған қуат баусымы кез келген жолмен қызып кетуі және өрттің шығуы
мүмкін.
2. Желілік аша әрқашан қол жетімді екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Қуат баусымын тартпаңыз.
4. Қуат баусымын тиісті түрде бекітілмеген розеткаға салмаңыз. Бұл электр
тоғының соғуының немесе өрттің шығуының тікелей қауіпі болуы мүмкін.
5. Аспапты ішкі көмескі жарық шамының қақпағысыз пайдалануға тыйым салынады.
6. Мұздатқыш 220-240 В, 50Гц бір фазалы айнымалы тоқ желісімен жұмыс істейді.
Егер аспапты қолдану орнында кернеу тербелістері аталған параметрлерді елеулі
түрде арттыратын болса, онда қауіпсіздік мақсатында қуаты 350 Вт асатын
автоматты кернеу реттегіш қосу талап етіледі. Желілік розетка мұздатқыштың қуат
баусымында орнатылған ашаға сәйкес келуі тиіс.
Күнделікті қолдану
• Тұтанғыш газдарды немесе сұйықтықтарды аспапта сақтамаңыз. Жарылыс қауіпі
бар.
• Мұздатқыш камераның ішінде қандай да бір электр аспаптарды (миксерлер,
балмұздақ жасаушылар және т.б.) пайдаланбаңыз.
• Желілік розеткадан ажыратқан кезде әрқашан ашасынан ұстаңыз және желілік
баусымынан тартпаңыз.
• Осы аспаптың пластикалық бөлшектерінің жанына ыстық заттарды қоймаңыз.
• Алдын ала оралған мұздатылған өнімдерді өнімдер өндірушінің ұсыныстарына
сәйкес сақтаңыз.
• Өнімдерді сақтауға қатысты аспап өндірушісінің ұсыныстарын қатаң түрде
орындаңыз. Осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерін қараңыз.
• Газдалған немесе көпіршікті сусындарды мұздатқыш камераның ішіне қоймаңыз,
себебі бұл ыдысқа қысымды күшейтеді және жарылыс тудыруы және аспапты
зақымдауы мүмкін.
• Аспапты тікелей күн сәулесінің астында орнатпаңыз.
• Мұздатылған өнімдерді мұздатқыш камерадан алғаннан кейін бірден тұтынған
кезде олар суықпен күйіп қалуды тудыруы мүмкін.
• Аспапты өртемеу үшін жанып тұрған шырағдандарды, шамдарды және басқа
ашық от көздерін одан қашық ұстаңыз.
Добавить комментарий