
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan
District, Qingdao, Қытай, Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді жəне пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы бұйымның
жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалану үшін арналған тұрмыстық бұйымның
жұмысқа жарамды ресми мерзімі: бұйым кесімді тұтынушыға табысталған күннен бастап теледидарларға, микротолқынды пештер
— 5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге жəне теледидарлық приставкаларға — 3 жыл, шаңсорғыштарға — 4 жыл, ұялы
телефондар мен гироскутерлерге — 2 жыл, қалған тауарларға — 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты қызмет ету
мерзімі ресми қызмет ету мерзімінен əлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық
жұмыстарды жүргізу үшін жəне ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім
пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген жəне Еуразиялық экономикалық (кедендік) одақтың техникалық регламенттерінің
талаптарына сəйкес келеді.
Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен кепілдік шарттарын мұқият оқып шығуыңызды
сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы
орнатуды жəне іске қосуды талап еткен болса, Біз сізге Haier уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы
заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандыру бойынша міндеттемелерді
өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдікті қызмет
көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті қызмет көрсетудің шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал жаңсақтықтарға
жол бермеу үшін қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (сату квитанциясы, кассалық чек,
пайдалану құжаттамасы) сақтап қойыңыз.
Кепілдікті тек уəкілетті Haier қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Уəкілетті қызмет көрсету орталықтарының толық тізімін алу
үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе сайтта: https://haieronline.kz/ немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз:
support-kz@haieronline.kz
Уəкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier байланыс орталығына хабарласыңыз..
Кепілдік міндеттемлер ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға қатысты болмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау жəне/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын жəне электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға
құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілгендей, Тауарға уақтылы қызмет көрсетілмесе;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған
мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың əрекеттерінен: уəкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық немесе
сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан жəне қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш əрекеттерінен (апат, өрт, найзағай жəне т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз əрекеттерінен
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жəндіктердің, жəндіктердің тіршілік əрекеттерінің өнімдерінің
түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
— су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының салдарынан термоқорғаудың іске қосылуы
Кепілдікті қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау жəне кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Кепілдікті қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар жатпайды:
— кондиционерлерге арналған сүзгілер;
— кір жəне ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
— микротолқынды пештерге арналған тəрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар жəне қойғыштар;
— сүзгілер, иісті жұтқыштар, шамдар, сөрелер, жəшіктер, қойғыштар жəне тоңазытқышта азық-түлікті сақтауға арналған басқа
ыдыстар;
—
басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері, қуат берудің сыртқы блоктары жəне зарядтау құрылғылары;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру жəне т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіруге, жəне де, нəтиже ретінде, оған кеплідікті
қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сəйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне айналуы мүмкін.
Добавить комментарий