
ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Пайдаланар алдында
Тоңазытқыш шкафты орнату
Электр желісіне қосу
ЕСКЕРТУ
Сыртқы жəне ішкі қаптамасын алыңыз.
Тоңазытқыш шкафты қуат көзіне қосар алдында шамамен 2 сағат тік күйінде тұруына мүмкіндік беріңіз.
Бұл тасымалдау кезінде дұрыс ұстамау салдарынан салқындату жүйесінің істен шығу мүмкіндігін
азайтады.
Тоңазытқыш камерасының ішкі бетін жылы суға малған жұмсақ матамен сүртіңіз.
•
•
•
Тоңазытқыш шкаф бөлме ішінде қодануға арналған кіріккен, батқан немесе бөлек тұрған құрылымға
арналған.
Тоңазытқыш шкаф уылдырық пен балық пресерваларын сақтауға жəне көрсетуге арналған. Бұл шкаф тек
коммерциялық мақсатта қолдануға арналған жəне тұрмыстық жағдайда қолданылмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Бұл тоңазытқыш шкаф дəрі-дəрмек немесе басқа медициналық бұйымдар сақтауға
арналмаған.
Тоңазытқыш шкафты тұмшапеш, жылыту радиаторы немесе басқа жылу көзіне жақын орнатуға кеңес
берілмейді. Тікелей түскен күн сəулесі акрил жабынына əсеру етуі мүмкін, ал жылу көздері электр
энергиясын тұтынуын арттырады. Тоңазытқыш шкафты температура 44 °F-тен (7 °C) төмен түсетін жерге
орнатпаңыз. Өнімділігі барынша жақсы болу үшін тоңазытқыш шкафты шкаф есігінің артына орнатпаңыз
жəне түбіндегі торды жаппаңыз.
•
Тоңазытқыш шкафты оны жүктегенде шыдас беретін барынша мықты еденге орнатыңыз. Оның күйін
теңшеу үшін реттелетін алдыңғы аяқтарын реттеңіз.
Автономды орнату үшін тоңазытқыш шкафтың алдыңғы жəне бүйір жақтары арасындағы 5 дюйм (127
мм), үстінен 4 дюйм (102 мм) қашықтықты сақтауға кеңес береміз, бұл компрессор мен конденсаторды
суыту үшін қажет ауа айналымын қамтамасыз етеді. Кіріктіріп орнатқанда да əр жағы мен үстінен ¼
дюйм (6.35 мм), артынан 2 дюйм (51 мм) қалдыру керек. Тоңазытқыш шкафтың алдыңғы бөлігіндегі
желдету тесігі ешқашан жабылмауын немесе бұғатталмауын қадағалаңыз.
•
•
Тоңазытқыш шкафты ылғал жерге қоюдан аулақ болыңыз.
Тоңазытқыш шкафты бөлек, тиісінше жерге тұйықталған рəзеткеге қосыңыз
Жерге тұйықталған штепсель ашасын дұрыс пайдаланбау электр тогы соғуына əкелуі мүмкін Егер қуат
кабелі зақымдалса, оны ауыстыру үшін білікті электршіге немесе авторланған сервистік орталыққа
жүгініңіз.
Қауіпсіздігіңіз үшін тоңазытқыш шкафты жерге дұрыс тұйықтаған жөн. Тоңазытқыш шкафтың қуат кабелі
үш түйіспелі штепсель ашамен жабдықталған, ол электр тогы соғу мүмкіндігін барынша азайту үшін үш
түйіспелі стандарт қабырға рəзеткелеріне сəйкес келеді.
Ешқандай жағдайда қоса берілген қуат кабелінің үшінші (жерге тұйықтайтын) түйіспесін кеспеңіз жəне
жоймаңыз. Жеке қауіпсіздікті сақтау үшін тоңазытқыш шкафты тиісінше жерге тұйықтау қажет. Қуатына
жəне/немесе жерге тұйықтауға қатысты кез келген сұрақпен сертификат алған электршіге немесе
авторланған сервистік орталыққа жүгінген жөн.
Тоңазытқыш шкафқа 220/240 В ауыспалы ток ~ 50 Гц болатын жерге тұйықталған үш түйіспелі
электрлі стандартты рəзетке керек.
•
•
ЕСКЕРТУ:
17
Добавить комментарий