
Торлы сөре
Жарық
қосу
батырмасы
Реттейтін аяғы
Құлып
Ұзартқыш
Есікті қайта орналастыру
Рəзетке жерге дұрыс тұйықталғанына көз жеткізу үшін рəзетке мен электр тізбегін тексеруді білікті
электршіге тапсырыңыз. Екі түйіспелі стандартты қабырға рəзеткесі болса, оны жерге дұрыс тұйықталған
үш түйіспелі рəзеткеге ауыстыруға міндеттісіз.
Абайсызда жарақат алуға жол бермеу үшін кабельді ашық не еркін салбырап тұрған күйде
қалдырмай, тоңазытқыш шкафтың артына бекітіп қойған жөн.
Тоңазытқыш шкафты əрқашан қуат көзінің кернеуі тоңазытқыш шкафтың паспорттық кестесінде жазылған
кернеуге сəйкес келетін рəзеткеге қосқан дұрыс. Бұл барынша жақсы өнімділікті қамтамасыз етеді,
сонымен қатар үйдегі электр тізбектерін артық жүктеудің алдын алады, ол қызып кету салдарынан тұтану
қаупін тудыруы мүмкін Тоңазытқыш шкафты желіден қуат кабелінен тартып ажыратуға болмайды.
Əрқашан ашадан мықтап ұстап, содан кейін оны рəзеткеден суырыңыз. Тозған немесе басқа жолмен
зақымдалған қуат кабельдерін дереу жөндеңіз немесе ауыстырыңыз. Сызат түскен немесе ұзына бойы не
кез келген ұшы қажалып, зақымдалған кабельді пайдаланбаңыз. Тоңазытқыш шкафты жылжытқанда қуат
кабелін зақымдап алмау үшін абай болыңыз.
Ықтимал қаупіне байланысты белгілі бір жағдайларда бұл тоңазытқыш шкафпен ұзартқыш пайдалануға
кеңес берілмейді.
Есіктің ашылу бағыты сізге ыңғайсыз болса, оны өзгертуге болады. Ол үшін өндіруші қарама-қарсы
бетке тесіктер салған. Есіктің ашылу бағытын ауыстыру үшін аталған ескертпелерді орындаңыз:
Жоғарғы ілмек қақпағын алып, жоғарғы ілмекті ұстап
тұрған бұрандаларды бұраңыз.
Есіктің жоғары жағында тұрған тесіктегі ілмек түйреуішін
шығару үшін ілмекті жоғары көтеріңіз.
Төменгі түйреуіштен шығару үшін есікті сəл көтеріңіз.
Төменгі ілмек бұрандаларын бұраңыз.
Қарсы беттегі корпустан бітеуіштерді алып, олар
алынған қарама-қарсы беттегі тесіктерді бітеңіз.
Төменгі ілмекті қарсы бетке ауыстырып, бекіткіш
бұрандаларды бұраңыз. Егер олар бастапқы орнату
кезінде қолданылмаса, кез келген бөгеткіш шайба не
сомын пайдаланыңыз.
Есікті төменгі ілмек түйреуішіне орнатыңыз. Жоғарғы
ілмек түйреуішін қойыңыз. Жоғарғы ілмектің бекіткіш
бұрандаларын салып, бұраңыз
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
18
Шыны есікше
Басқару панелі
Добавить комментарий