
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone,
Laoshan District, Qingdao, Қытай, Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді және пайдалану ережелерін ұстанған кезде
осы бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған тұрмыстық
кір жуғыш машиналардың ресми қызмет мерзімі бұйымды соңғы тұтынушыға берген күннен бастап 7 жыл құрайды. Өнімнің
жоғары сапасын ескере отырып, нақты қызмет ету мерзімі ресми қызмет ету мерзімінен әлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін. Қы-
змет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін Авторландырылған
сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және Еуразиялық
экономикалық (кедендік) одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен кепілдік шарттарын мұқият оқып шығуыңыз-
ды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы
орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Біз сізге Haier уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.
Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы
заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттаныдру бойынша міндеттемелерді
өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы төменде мазмұндалған шарттар сақталмаған жағдайда кепілдікті, со-
нымен қатар қосымша сервистік қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кеплідік мерзім белгілейді және тауар тұтынушыға
табысталған күннен бастап 36 ай бойы қосымша сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Тура жетегі бар кір жуғыш машинаның
моторына өмірлік кепілдік таралады*. Ықтимал жаңсақтықтарға жол бермеу үшін қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған
кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарық чек, кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) сақтап қойыңыз. Бұйымға қосымша
сервистік қызмет көрсету — Өндірушінің кінәсінен бұйымда пайда болған ақауларды тұтынушы үшін тегін жою. Бұндай қызмет
тек қана бұйым иесі тауарлық және кассалық чектерді, бұйымды сатып алу дерегін растайтын басқа құжаттарды көрсеткенде
ғана көрсетіледі.
Кепілдікті тек уәкілетті Haier қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Уәкілетті қызмет көрсету орталықтарының толық тізімін
алу үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:
8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе сайтта: https://haieronline.kz/ немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз: support-kz@
haieronline.kz. Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier байланыс орталығына ха-
барласыңыз.
Кепілдікті және қосымша сервистік қызмет ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға
көрсетілмейді:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтажда-
уға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілгендей, Тауарға уақтылы қызмет көрсетілмесе;
— су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысымнан;
— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған мөл-
шерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық не-
месе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— Стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз әрекеттерінен
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің тіршілік әрекеттерінің өнім-
дерінің түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
Кепілдікті және қосымша қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.
Кепілдікті және қосымша қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар жатпайды:
— кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, суды жеткізу/ағызуға арналған құбыршектерге;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге, және де, нәтиже ретінде, оған кеплідікті
қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне айналуы мүмкін.
* тура жетегі бар кір жуғыш машинаның моторы ротор мен статордан тұрады. Мотордың кез келген өндірістік ақауын шектел-
меген уақыт кезеңнің ішінде түзету.
Добавить комментарий