
8-6 8-7
8-8 8-9
8-10 8-11
8-12 8-13
KK
20
8. Күтім және тазалау
8.5. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Егер машина ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса:
1. Электр ашасын розеткадан суырып алыңыз (8-6-сур.).
2. Судың берілуін өшіріңіз (8-7-сур.)
3. Ылғал мен иістер қалыптасуын болдырмау үшін есік-
ті ашыңыз. Кір жуғыш машина пайдаланылмаған кезде
есікті ашық қалдырыңыз.
Келесі пайдалану алдында қуат беру кабелін, судың берілуін
және ағызу құбыршегін мұқият тексеріңіз. Бәрі дұрыс орна-
тылғанына және ағып кетулер жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
8.6. Сорғының сүзгісі
Сүзгіні айына бір рет тазалап, сорғы сүзгісін келесі
жағдайларда тексеріңіз:
машина суды ағызбайды;
машина сықпайды;
машина жұмыс кезінде әдеттен тыс шу шығарады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бу қарып кету қатері! Сорғы сүзгісіндегі су өте ыстық бо-
луы мүмкін! Кез келген операцияны орындамас бұрын,
судың суығанына көз жеткізіңіз.
1. Кір жуғыш машинаны өшіріп, штепсельді ашасын ро-
зеткадан суырып алыңыз (8-8 сур.).
2. Қызмет көрсету люктің қақпағын ашыңыз. Бұл
үшін монета немесе бұрауыш қолдануға болады
(8-9-сур.).
3. Суды ағызу үшін астына жалпақ ыдысты қойыңыз
(8-10-сур.). Онда көп көлемде су болуы мүмкін!
4. Төкпе құбыршегін шығарып, ұшын ыдыстың үстінен
ұстап тұрыңыз (8-10-сур.).
5. Төкпе құбыршегінен бітеуішті суырып алыңыз
(8-10-сур.).
6. Толық ағызудан кейін төкпе құбыршегін жабыңыз
(8-11-сур.) және оны қайтадан машинаға жалғаңыз.
7. Сорғыны сағат тіліне қарсы бұрап, шешіп алыңыз
8. Ластануларды жойыңыз (8-13-сур.).
Ескертпе: Барабанды тазалау
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған соң «Барабанды тазалау (Очистка барабана)» бағдар-
ламасын машинаны жүктеместен және тиісті бөлікке (2) аздаған жуғыш құралды салып
немесе ықтимал зақымдаушы заттарды жою үшін арнайы тазартқышпен іске қосу ұсы-
нылады.
Добавить комментарий