
3-16
3-10
3-11
3-14
3-15
Speed
3-12
3-13
KK
10
3. Басқару панелі
3.5.4. «Жылдамдық (Отжим)» функционалдық түймесі
Бағдарламаның сығу циклін өзгерту немесе жою үшін осы түймені
басыңыз (3-10-сур.). Егер мән сәулелендірілмеген болса, сығу циклы
орындалмайтын болады.
3.5.5. «Қосымша шаю (Полоскание+)» түймесі
Кірді таза сумен шаюды қарқындату үшін осы түймені басыңыз (3-11-
сур.). Бұл режимді сезімтал терісі бар адамдар үшін пайдалану ұсы-
нылады.
Бұл түймені қайта басқан кезде бірден үшке дейінгі қосымша цикл-
ді таңдауға болады. Олар дисплейде былайша ретпен пайда болады:
P--0, P--1, P--2, P--3..
3.5.6. «Бу» (Пар) түймесі
Буды пайдаланатын бағдарламаны таңдау үшін мына түймені ба-
сыңыз (3-12-сур.). Осы аталған бағдарламаны таңдаған соң өзді-
гімен температура орнатылатын болады. Қажет болса, «Мақта,
Синтетика, Аралас киім, Балалар киімдері, Күнделікті жуу, Гигиена
жуу (Хлопок, Синтетика, Смешанное белье, Детские вещи, Еже-
дневная стирка, Гигиена)» режимдерін орнатқан кезде осы функци-
яны таңдауға болады. Бумен өңдеу белгішесі бумен өңдеу функци-
ясын пайдаланғанда жанады.
3.5.7. «Дақтарды жою (Пятна)» түймесі
Дақтарды жоюға арналған арнайы функцияларды таңдау үшін осы
түймені басыңыз (3-13-сур.). Таңбалар келесі кестеде түсіндірілген
3.6. «Қосу/Кідіру» түймесі
Дисплейде көрсетілген бағдарламаны қосу немесе тоқтату үшін осы
түймені басыңыз (3-14-сур.). Бағдарламаны баптау және орындау
кезінде жарықдиодты индикатор үздіксіз жанып тұрады. Бағдарлама
үзілген жағдайда ол жыпылықтайды.
3.7. Балалардан бұғаттау
«Жылдамдық (Отжим)» және «Шаю+ (Полоскание+)» түймелерін бір
уақытта басыңыз (3-15-сур.) және басқару панелінің элементтерін ба-
судан бұғаттау үшін оларды 3 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Кері бұғат-
тау үшін осы екі түймені қайталап басыңыз. Балалардан бұғаттау жұ-
мыс істеп тұрған кезде балалардан бұғаттау индикаторы жанады. Бұл
функция машина жұмысының процесінде қосымша болып табылады.
Балалардан бұғаттау қосулы болғанда және түймелерді басқан кезде
дисплейде «clol-» таңбаларының тізбегі көрсетіледі (3-16-сур.). Өз-
гертілуі орындалмай тұр.
Шөп Жер Шарап
Қан Косметика Тер
Ескертпе: Сұйық жуғыш құрал.
Сұйық жуғыш құралды пайдаланған жағдайда кідіріс (циклдің аяқталуы) уақы-
тын пайдалану ұсынылмайды.
Добавить комментарий