
KZ
20
* 90°C жуу температурасын ерекше гигиеналық талаптар бар болғанда ғана
таңдаңыз.
* 60 °C және одан жоғары жуу температурасында жуғыш құралдың азырақ
мөлшерін пайдалану ұсынылады. Мақта немесе синтетикалық мата үшін
жарайтын арнайы дезинфекциялаушы құралды пайдаланыңыз.
* Көбіктенбейтін кір жуатын ұнтақты немесе көбі аз мөлшерде шығатын ұнтақты
пайдаланыңыз.
* Кондиционерді кірдің салмағына сай қосыңыз.
7.6 Жуғыш құралды қосу
Жуғыш құралды бір жууға қажетті мөлшерге сәйкес кір жуғыш барабанға тікелей
салыңыз. Қоюланған кір жуғыш құралды кір жуғыш барабанға салар алдында
сұйылту керек.
7.7 Қуат көзін іске қосу
Машинаны қосу неме сөндіру үшін Қуат беру
(Power) батырмасын басыңыз (7-5-сур.)
7.8 Бағдарламаны таңдау
Жуудың ең жақсы нәтижелерін алу үшін
ластану деңгейі және жуылатын кірдің типіне
біршама жарамды бағдарламаны таңдаңыз.
Бағдарламаларды таңдау батырмаларының
көмегімен лайықты бағдарламаны таңдаңыз. Бұл
ретте дисплейде әдепкі қалпы бойынша баптаулар
көрсетіледі. (7-5-сур.)
Ескерту:
► Жуу сапасының нашарлауын немесе көбіктің толып кетуінің алдын алу үшін
барабан түріндегі кір жуғыш машиналар үшін арнайы жасалған көбіктенбейтін
жуғыш құралды пайдалану ұсынылады.
► Егер кір жуатын ұнтақтың түйіршіктерін қолдансаңыз, киімді тиер алдында
оларды жуу барабанына салыңыз.
► Киімге дезинфекциялағыш құралды жақпаңыз.
► Ағызу құбырының бітелуіне жол бермеу үшін кір жуғыш таблеткаларды
қолдану ұсынылмайды..
Ескерту: иісті кетіру
Алғашқы кір жуу алдында әлеуетті зиянды заттар мен қоқыстан тазарту
мақсатында контейнер бөліміне (1) аз мөлшерде жуғыш құрал қосып
немесе арнайы тазартатын құрал қолданып, кір салмай, барабанды тазалау
бағдарламасын қосу керек.
7. Күнделікті пайдалану
7-4
7-5
Добавить комментарий