
KZ
4
Машинаны алғашқы рет қосар алдында қауіпсіздік бойынша келесі
ұсыныстармен танысыңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бірінші пайдаланар алдында
Тасымалдау кезінде зақымдалған жерлері жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Барлық тасымалдау бұрандалары мен артқы тақталары
шешілгеніне көз жеткізіңіз.
Барлық қаптаманы алып тастаңыз және оны балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Аспап ауыр болғандықтан оны әрдайым кем дегенде екі адам
тасымалдауы қажет.
Күнделікті қолдану
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ денелік,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе қадағалаушы
бақылауымен тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар пайдалануы
мүмкін, егер оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар
берілсе және олар ықтимал қауіптермен таныстырылған болса.
3 жасқа дейінгі балаларға кір жуғыш машинаның жанында тек
тұрақты қадағалау жағдайында ғана болуға рұқсат етіледі.
Балалардың бұл жабдықпен ойнауына рұқсат бермеңіз.
Балалардың немесе үй жануарларының машинаға жақындауына
рұқсат бермеңіз, егер оның есігі ашық болса.
Жуғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Сыдырма ілгекті жабыңыз, бауларды байлаңыз және киімнің
шырмалуының алдын алу үшін ұсақ заттарды алып тастаңыз.
Қажет болғанда жууға арналған арнайы қапшықты немесе торды
пайдаланыңыз.
Машинаға су немесе ылғал қол тигізуге немесе сіз жалаң аяқ, ал
қолыңыз немесе аяғыңыз су немесе ылғалды болған кезде машинаны
пайдалануға тыйым салынады.
Машинаны жұмыс кезінде немесе жұмыс аяқталғаннан кейін
ылғалдың булануы мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бүркемеңіз және
қандай да бір қаптамамен жаппаңыз.
Машинаға ауыр заттарды немесе жылу не ылғал көздерін
орналастыруға тыйым салынады.
Жеңіл тұтанатын құралдарды немесе құрғақ тазалауға арналған
құралдарды машинаға тікелей жақын жерде пайдалануға және сақтауға
тыйым салынады.
1. Қауіпсіздік техника ережелері
Добавить комментарий