
21
KZ
Пайдалану
ЕСКЕРТУ: САҚТАУ
1. Салқындату тиімділігін қамтамасыз ету үшін өнімдер мен датчик
арасындағы 10 мм-ден астам қашықтықты сақтаңыз.
2. Салқындату тиімділігін қамтамасыз ету үшін тоңазытқышта ең төменгі
тартпаны қалдырыңыз.
3. Құрамында мұз бар өнімдерді (мысалы, балмұздақ және т.б.) бөтелке
ұстағыштарда емес, мұздатқышта сақтау керек. Бөтелке ұстағыштары есікті
ашқанда және жапқанда температураның өзгеруі тағамды ерітуі мүмкін.
4. Жібітілген өнімдер қысқа мерзімде пайдаланылуы керек. Еріген тағамды
алдын ала пісірмеген болса, қайта мұздатуға болмайды, әйтпесе ол дәмін
жоғалтады.
5. Мұздатқыш бөлімшеге шамадан тыс көп мөлшерде жаңа тағамды салмаңыз.
Мұздатқыштың жұмысы туралы ақпарат "ТЕХНИКАЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР"
бөлімінде немесе тоңазытқыш үлгісіндегі ақпарат тақтайшасынан табуға
болады.
6. Өнімдерді мұздатқышта -18°C-тан жоғары емес температурада олардың
қасиеттеріне байланысты 2 айдан 12 айға дейін сақтауға болады (мысалы,
ет: 3-12 ай, көкөністер: 6-12 ай).
7. Жаңа өнімдерді мұздатқан кезде, мұздатылып қойған өнімдермен
жанасуына жол бермеңіз. Мұздатылған тағамдар еруі мүмкін.
8. Мұздатылған тағамды тоңазытқышта ерітіңіз. Осылайша, мұздатылған
тағамды тоңазытқыштағы температураны төмендету және энергияны
үнемдеу үшін пайдалануға болады.
Бастапқыда мұздатылған өнімдерді сақтау кезінде мына ұсыныстарды
орындаңыз:
1. Әрқашан сақтау мерзіміне қатысты өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Сол
мерзімдерден асырушы болмаңыз!
2. Өнімнің сапасын сақтау үшін сатып алу мен сақтау арасында ең аз уақыт
кезеңі болатынына көз жеткізуге тырысыңыз.
3. -18°C немесе одан төмен температурада сақталған мұздатылған тағамдарды
сатып алыңыз.
4. Қаптамада мұз немесе қырау болған тауарларды сатып алмаңыз — бұл
өнімдердің бұрын жартылай еріген және қайтадан мұздатылған болуы мүмкін
екенін білдіреді. Температуралық күрт ауықтқулар тағамның сапасына теріс
әсер етеді.
Добавить комментарий