
20
Пісіргіш панельді электр желісіне қосу
Пісіргіш панельді электр желісіне қосуды тек тиісті білікті маман орындауы
керек.
Пісіргіш панельді электр желісіне қоспас бұрын, мынаған көз жеткізіңіз:
1. ішкі электр желісі пісіргіш панельдің тұтынатын қуатына сәйкес келеді;
2. кернеу паспорттық деректері бар тақтайшада көрсетілген мәнге сәйкес
келеді;
3. қуат көзі кабелінің көлденең қимасы оған паспорттық деректері бар
тақтайшада көрсетілген жүктемеге төтеп беруге мүмкіндік береді.
Пісіргіш панельді электр желісіне қосу үшін адаптерлерді, ауыстырғыштарды
немесе тармақтағыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар қызып кетуі және өрт
тудыруы мүмкін.
Қуат көзі кабелі қандай да бір ыстық бөліктерге тиіп кетпеуі және оның кез
келген нүктедегі температурасы 75 °C-тан аспайтындай етіп орналасуы керек.
Ішкі сымдарды өзгерту қажет емес пе екенін электршіден нақтылаңыз. Кез
келген өзгерістерді білікті электрші жасаған жөн.
Қуат блогы қолданыстағы стандарттарға сәйкес немесе бір полюсті
автоматты ажыратқышты пайдалану арқылы қосылуы тиіс. Қосылу тәсілі
төменде көрсетілген.
Кіріс 220 - 240 В~
Қара
Қоңыр
Сұр
Көк
Сары/Жасыл
і
220-240 В~
400В~ 220-240В~
Кіріс
Қара
Қоңыр
Сұр
Көк
Сары/Жасыл
Қуат кабелі
220-240В~
Кіріс
Көк
Сары/Жасыл
Қоңыр
Қуат кабелі
1. Егер кабель зақымданған болса немесе оны ауыстыру қажет болса, бұл
жұмысты жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін тиісті құралдарды
пайдалана отырып, сатудан кейін қызмет көрсету маманы орындауы
керек.
2. Егер аспап тікелей электр желісіне қосылса, түйіспелер арасындағы
қашықтық кемінде 3 мм болатын көп полюсті автоматты ажыратқышты
орнату керек.
3. Орнатуды орындайтын маман қауіпсіздік ережелеріне сәйкес дұрыс
электр байланысының орындалуына көз жеткізуі тиіс.
4. Кабель майысқан немесе жөнделген болмауы тиіс.
5. Кабельді үнемі тексеріп, ауыстыруды тек білікті мамандар жүргізуі керек.
Добавить комментарий