Haier HHY-C64NVTB

Данная инструкция на русском языке предназначена для варочной поверхности Haier HHY-C64NVTB, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для варочной поверхности представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
3
Мүмкіндігі шектеулі балалар немесе адамдар аспапты қолдану бойынша
нұсқау беретін жауапты және құзыретті тұлғаның қатысуымен ғана
пайдалана алады.
Нұсқаушы тұлға олардың аспапты өздеріне немесе айналасына қауіп
төндірмей пайдалана алатынына көз жеткізуі керек.
Егер нұсқаулықта ұсынылмаса, аспаптың кез келген бөлігін жөндеуге
немесе ауыстыруға тыйым салынады. Барлық басқа қызметтерді білікті
мамандар орындауы керек.
Пісіргіш панельді тазалау үшін бутазартқышты пайдалануға тыйым
салынады.
Пісіргіш панельге ауыр заттарды қоюға немесе түсіруге тыйым
салынады.
Пісіргіш панельдің үстіне аяқпен шығуға тыйым салынады.
Жиектері біркелкі емес ыдыстарды пайдаланбаңыз және ыдыстарды
шыны бетінде сүйремеңіз, себебі бұл әйнекті сызып тастауы мүмкін.
Пісіру бетін тазалау үшін металл жөкелерді немесе басқа агрессивті
абразивті тазалау құралдарын пайдаланбаңыз, себебі бұл шыныны
сызып тастауы мүмкін.
Электр тоғынан жарақаттануға және зақымдануға жол бермеу үшін
зақымдалған қуат кабелін өндірушісі, сервис орталығының өкілі немесе
басқа білікті маман ауыстыруы тиіс.
Бұл аспап тек тұрмыстық және тұрмыстық жағдайларға ұқсас, мысалы,
цехтардағы, кеңселердегі және басқа да жұмыс бөлмелеріндегі
асүйлерде; саяжайларда, қонақ үйлерде, мотельдерде және басқа да
осындай тұрғын үй-жайларда; жатақханаларда пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТУ: пайдалану кезінде аспап пен оның ашық бөліктері қызады.
Абай болыңыз, қыздыру элементтерін ұстамаңыз.
Егер 8 жасқа дейінгі балаларды үнемі бақылап тұрмасаңыз, оларды
аспапқа жақындатпаңыз.
Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар және физикалық, сенсорлық
немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибе мен білімі жоқ
адамдар, егер олар мұны қадағалаумен жасаса немесе аспапты қауіпсіз
пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысып, ықтимал қауіптерді түсінсе,
пайдалана алады.
Балаларға аспаппен ойнауға тыйым салынады. Балаларға бұйымды
қадағалаусыз тазалаумен және күтім жасаумен айналасуға жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ: жануар майын немесе майды пайдаланып пісіру панелінде ас
дайындау қауіпті болуы және өртке әкелуі мүмкін. Өртті сумен сөндіруге
ТЫРЫСПАҢЫЗ; оның орнына аспапты өшіріңіз, содан кейін отты
жабыңыз, мысалы, қақпақпен немесе өртке қарсы жамылғымен.
ЕСКЕРТУ: тұтану қаупі: заттарды пісіру беттерінде сақтамаңыз.
ЕСКЕРТУ: егер бетте жарықтар болса, электр тогының соғуын
болдырмау үшін аспапты өшіріңіз. Бұл талап шыны керамикадан немесе
тоқ өткізгіш бөліктерді қорғайтын ұқсас материалдан жасалған пісіргіш
панель үшін жарамды.
Бутазартқышты қолдануға тыйым салынады.
Аспап сыртқы таймерді немесе жеке қашықтан басқару жүйесін
пайдалануға арналмаған.
Страницы: Стр: 30
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Варочные поверхности Haier