
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Құралды алып тастаудың алдында, оның суынуын тосыңыз.
8.2 Қақтардың пайда болуын болдырмау үшін алдын-ала тазалану
кезеңінен өткен суды (сүзілген суды) қолдану ұсынылады.
8.3 Резервуарда қалған суды әрдайым төгіп отырыңыз.
8.4 Құралды табанынан қақты және басқа да ластануларды Сіз дымқыл
матаның көмегімен кетіре аласыз.
Құралды тазалау үшін табанының бедерін және электр құралының кор-
пусын бүлдіре алатын қажағышты тазалау құралдарын және басқа да
химиялық заттарды қолданбаңыз. Қақтарды кетіру үшін бу соққысын
қолданыңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Құралды желдетілетін жабық бөлмеде, балаларға қолжетімді емес орында,
0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған орта температурасында және 80%-ға
дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шарттарында сақтау керек.
Бүлінулерге жол бермеу үшін құрылғыны тек зауыттық қаптамада ғана та-
сымалдау керек болады. Тасымалдаудан немесе құрылғыны төмендетілген
температурада сақтаудан кейін оны бөлме температурсында кем дегенде
екі сағаттай ұстау қажет.
Өнімді тасымалдау, тиеу, арту және сақтау кезінде осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа да келесі талаптарды басшылыққа
алу керек болады:
- өнімді оның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге ұшыратуға тыйым
салынады;
- өнімнің қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетулерін
болдырмау қажет. Бұрын пайдалануда болған өнімді тасымалдаудың неме-
се теріс температурада сақтауға берудің алдында өнімде судың жоқтығына
көз жеткізіп алу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек.
Құралды температураның елеулі өзгерулерінен және тура күн сәулелерінің
әсерлерінен сақтаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Бұйымды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толғысыз зиян
келтіреді.Ақаулы бұйымды сонымен бірге пайдаланылған қуат беру
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Осы
мақсаттар үшін мамандандырылған кәдеге жарату орталығына
жүгініңіз. Сіз тұрмыстық бұйымдарды, жабдықтарды және пайдаланылған
қуат беру элементтерін қайта өңдеуге қабылдаушы бекеттердің мекен-
жайларын Сіздегі елді мекендегі муниципалдық қызметтен ала аласыз.
Добавить комментарий